Сенбі, 27 Сәуір 2024
5550 40 пікір 20 Қараша, 2017 сағат 08:25

Қырғыз-қазақ қарым-қатынасын халық дипломатиясы арқылы жақсатқысы келеді

Қырғызстанда белгілі қоғам қайраткерлері қырғыз-қазақ қарым-қатынасын жақсартуға атсалысатын топ құрды. Осындай топ өкілі Токтайым Уметалиеваның хабарлауынша, олар Қазақстан президентіне кездесу туралы ресми өтініш жолдаған.

Бұл топ ол үшін халық дипломатиясы қолдануды көздеп отыр. Уметалиеваның айтуынша, билігін тапсырғалы отырған президент артында мұндай ауыр мұра қалдырғаны дұрыс емес.

"Сол үшін мен арнайы Астанаға барып, "Ақ жол"" фракцясының жетекшісімен кездестім. Бұл кісі маған бүгін-ертең телефон соғуы керек. Ол құжаттардың президент әкімшілігіне түскенін айтты. Біз Ақордадан қабылдау күтеміз", - деді ол.

12 адамнан тұратын топқа Қырғызстан мәдениет және өнер қайраткерлері, белгілі саясаткерлер енген.

Қазақстан 10 қазанда шекарада тексеру жүйесін күшейтті, соның салдарынан шекарада ұзын-сонар кезек пайда болды.

Президенттік сайлауда үшінші орын алған оппозициялық саясаткер Адахан Мадумаров қазақ президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады. Онда саясаткер мемлекет басшыларының жеке ренішінің қарапайым халыққа кесірі тимеуі керектігі айтылған

Abai.kz

40 пікір