Жұма, 26 Сәуір 2024
Білгенге маржан 12318 5 пікір 25 Шілде, 2017 сағат 09:41

Қан құйдырудың пайдасы мен зияны

Мен  он жасқа  келгенде, есім  кіре  бастады. Анам Қамария (марқұм) ауруханада  әйелдер  босанатын  жерде  жұмыс  істейтін. Біздің  үйдің  қасында көрші  Сәрсенгүл  деген  орта  жастағы  келіншек  туыт үстінде  көп  қан  кетіп, қаны  екінші  топтағы  донор  іздеп  базарда  сауда  сатып  тұрған  аузы  аузына  жұқпайтын,  сумаңдаған  бір  әйелдің  қанын  құйып  аман  қалды  деп  үйге  анам  айтып  келгені  есімде.

Екі  аптадан  соң, Сәрсенгүл  ауруханадан  шығып  үйіне  келіп,  аяқ-қолын  жинап,  шілдеханаға  анамды  шақырған. Қой  аузынан  шөп  алмайтын  Сәрсенгүлдің  мінезі  адам  айтса  нанғысыз  өзгеріп, шілдехананың  басынан  аяғына  дейін  сумаңдап  ешкімге  сөз  бермепті. Ал, енесі  болса, аман  қалғанына  қуанып, "жарайды  сөйлей  берсін"  деп  үндемепті. Бірақ, оның  мінезі  күн  санап  құлпырып, адам  танымастай   өзгеріпті. Содан  не  керек, енесі  Сәрсенгүлдің   әке-шешесін  шақырып  "Мына  қыздарыңа  не  көрінді. Ауруханадан  шыққаннан  бері  365 градусқа  өзгеріп, үйден  безіп, базар  аралап  өсек  соғып, балаға  қарау  деген  ойына  кіріп-шықпайды. Бармаған  дәрігеріміз, ашпаған  есігіміз  қалмады. Енді  қыздарыңды  алып  кетіңдер  немесе  жындыханаға  тапсырыңдар"  деген.

1988 жылы  жазда Ташкенттегі  кардиология  орталығына  апарып  Мәскеуден  келген  Николай  Колесников деген  дәрігерге  қаратқанда  барып  бұл  сұрақтың  жауабын  тауыпты. Сонда  Н. Колесников мырза: «Адам  бойынан  көп  қан  кетіп,  донордың  қанын  құйғанда  сол  адамның  мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, тіпті  етеккір  уақытына  дейін  өзгеру  әбден  мүмкін, қанның  құрамындағы  коды  ауысып  кеткен» деген  қорытынды  жасаған. Үш  ай  бойы  Колесниковке  қаралып  отырып  Сәрсенгүлдің  қанын  алып  отырып  баяғы  қалпына  келтірген.

4 сыныпта  оқып  жүрген  кезім, 1988 жылдың 7 желтоқсан  күні  кешқұрым жаңалықтардан  естідік, сол  күні  таңғы  сағат  10-41 минут өткенде  30-секундтың  ішінде  Арменияның  солтүстік-батысындағы  Ленинакан (қазір Гюмри), Степанаван, Кировакан (Ванадзор), Спитак деген  қалаларымен  қоса  58 село, 300 ауыл-аймақтары  жер  сілкіну  салдарынан  жермен-жексен  болғанын. Құдай  басқа  салмасын, 25 мың  адам қайтыс  болып, 20 мың  адам  мүгедек  атанған, жарты  миллион  адам  баспанасыз  қалған,  514 мың  адамға аман алып қалу үшін қан құю керек болған. АҚШ-та  жүрген  М.С.Горбачевқа  Үкімет  үйінің  басшысы  Николай  Рожков  хабар  берді, М.Горбачев  10 желтоқсанда  барып, Арменияға  жетті. КСРО-ның  қаусаған  крандары  жарамсыз  еді, тіпті  ұшаққа  сыймады, КСРО-ның  шекарасынан  адам  түгіл, шыбын  өтпейтін, амалсыздан  әлемнің  20-ға жуық  елдерден АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Франция, Италиядан  жәрдем  сұрауға  мәжбүр  болды. Армениядағы  жер  сілкінудегі  жұмыстарды  Генерал-майор Николай  Таракановтың  басшылығымен  жүзеге  асты, қаншама  қорқынышты  жағдайларды  көзіне  жас  алып  отырып  баяндап  берді.

Бүкіл  Кеңес  одағынан  көмекке  еріктілер  мен  қоса  жәрдем  қолын  созушылар  ағылды. Бүкіл  ауруханалардан  қан  тапсыру  жалғасын  тауып  бәрін  Арменияға  алып  кеткен. Арадан  бір  жыл  өтер-өтпес  әлгі  қандарды  қайтарып  жіберіпті. «Қазақ  халқына  алғысымыз  шексіз, бірақ  біз  сіздің  қандарыңызды  ала  алмаймыз. Өйткені  сан  ғасырлар  бойы  атадан  балаға   жалғасын  тауып  келе  жатқан  қанның  құрамындағы ұлттық  кодымызды  жоғалтқымыз  келмейді. Себебі  сіздер  мұсылман, біз  крестьян  дініндегі  католикпыз, Алла  сіздерге  разы  болсын» деп  сыртына  жазып  жіберіпті.

Осы  қан  құю мен қан  алдыру  туралы  ақпаратты  көп  жыл  өзімше  зерттедім. Көптеген  кітаптар  оқыдым. Жуырда  Астанадағы  Әзірет  Сұлтан  мешітіндегі  Әл-Хиджама  мешітіндегі  орталыққа  барып  Бижан  деген  жас  жігіт  менен  350 грамдай  арқамнан  қан  алды. Желкемде  аздап  шаншу  бар  еді, түбегейлі  жоғалды. Өзімді  керемет  жеңіл  сезіндім. Сондықтан  құрметті  мұсылман  бауырлар  денсаулығыңызға  байланысты  қан  алдыртып  тұру  Мұхаммед  пайғамбардың  көрсетіп  кеткен  жолы. Енді  әркім  өзі  білетін  заманда  өмір  сүріп  жатқандықтан, біреуге  ақыл  айтудан  аулақпыз, бірақ  бірінші  байлық  денсаулық  демекші,  денсаулығымызға  немқұрайлы  қарамайық.

Хидмажа — емдеудің  исламдық  әдісі. Бұл денедегі, жандағы  және  рухтағы  барлық  аурудан жазылуға  әсер  етеді. Қан терінің жоғарғы  жағындағы  белгілі  бір  орындарды  тілу  арқылы  шығарылады. Қан  алу  үшін  қазіргі құралдарды  пайдаланған  абзал. Хиджама еркектерге, әйелдерге  және  балаларға  да  жасалады. Тіпті  әйелдер  етеккір  келген  кезде  де туғаннан  кейін қан  кету  кезінде  де, белгілі  себептермен  хидмажа  жасай  алады. Хидмажа  қандай  ауруға  болмасын  жақсы  көмектесе  алады. Ауру  бір  науқастан  екінші  біреуге  жұқпас  үшін  әрбір  емделушінің  жеке  құрал-жабдықтары  болуы  тиіс. Хиджамаға  дейін  және  кейін  жарақатты  барлық  құралдарды  тазалап, дезинфекция  жасау  үшін  «Бетадин» немесе  медициналық  спиртті  пайдалану  қажет. Анас ибн  Мәлик (р.а) Аллаһ  Елшісі (с.ғ.с) былай дегенін  айтады; «Егер де  кімде-кім денесінен  қан  алдырғысы  келсе  әр  айдың  17,19, немесе 21 күндерін  таңдасын, оның  өлімге  әкелуіне  жол  бермеңдер» (Салих сунан  Ибн Мәжә, әл-Әлбани 2808). Хиджаманың  бұл  түрі  үшін  қандай да  белгіленген  шарт  жоқ. Мұны  қажет  жағдайда  кез-келген  уақытта  істеуге  болады.

Алланың  Елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Егер  де  сіздерден  біреулердің  қаны  тасыса, одан  қан  алу  қажет, қан  тасыған  жағдайда  адам  өліп  те  кетуі  мүмкін». «Ашқұрсақ  кезінде  қан  алдырған  жақсы. Ол ақылды толықтырады, адамның  есте  ұстау  және  жаттап  алу  қабілетін  жақсартады». Тіпті  денсаулығы  жақсы  адамдар Рамазанның  түнінде  де  денесінен  қан  алдырған. Хиджамадан  кейін  төсек  қатынасында  болу  зиян  әкеледі  деген  пікір  ешқандай  дәлелденбеген. Хиджамаға  дейін және  кейін  сүт  өнімдерін  тұтыну  зиян  әкеледі  деген  пікір  ешқандай  дәлелденбеген. Хиджама  жүктілік  кезінде  кері  әсер  етеді  деген  дұрыс  емес. Қан  тоқтаған  кезде  ғана  хиджама  аяқталды  деп  есептеледі.

Хиджама  кезінде  тілінетін  жер

  1. Бастың төбесі
  2. Еңбек
  3. Мойынның қапталдары  (мойын тамырлары  орналасқан  жер)
  4. Арқаның жоғарғы  бөлігі  (жауырындар  арасындағы  кеңістік)
  5. Табанның жоғарғы  бөлігі
  6. Желке (оған қатысты  кепілді  хадистер  жоқ)
  7. Желкенің терең  бөлігі  (желке  сүйегінен  бастап  және  төмен, оған  қатысты  хадистер  жоқ)

Жұмамұрат  Шәмші, тарих  ғылымдарының  кандидаты

Abai.kz

5 пікір