Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
7621 9 пікір 28 Сәуір, 2017 сағат 12:03

Қытай билігі балаға мұсылман есімдерін беруге тыйым салды

Қытайдың Шыңжаң провинциясының билігі жаңа туған нәрестелерге діни мағына беретін есімдер беруге тыйым салды. Ондаған есім қара тізімге енгізілген, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

25 сәуірде Азат Азия радиосы эфирінде сөйлеген Шыңжаң әкімшілігінің ресми өкілі осындай тыйым барын растады. Оның айтуынша, Ислам, Құран, Мекке, Жихад, Имам, Саддам, Қажы және Медина есімдеріне Қытай билігіндегі Коммунистік партия тыйым салған. Үрімші полициясы өкілінің хабарлауынша, осындай есімі бар балалар мемлекеттік тіркеуден алып тасталынады. Тіркеуде жоқ бала білім беру және денсаулық мекемелеріне бара алмайды.

Мұндай ереже ислам дінін ұстанатын этникалық топтарға арналып шығарылған. Қытайда 10 миллион ұйғыр, 1,5 миллионнан астам қазақ, шамамен 150 мың қырғыз, бес мың татар, төрт мың тәжік және мыңға жуық дұнған тұрады.

Ұйғырлар ұзақ жылдар бойы Қытай үкіметінің қысымына шағымданып келеді. Билің басындағы Қытай Коммунистік партиясы тынышсыз аудандарды қатаң бақылауда ұстап отыр.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1782
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1764
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1484
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1386