Жұма, 26 Сәуір 2024
Масқара! 5638 0 пікір 24 Сәуір, 2015 сағат 10:10

БІЗДІҢ ОБЛЫС ОСЫНДАЙ!..

 

                   ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевқа

«Нұр-Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б.Қ.Байбекке

                  «Ақ Жол» партиясының төрағасы А.Перуашевке

                  Павлодар облысының әкімі К.Бозымбаевқа

Павлодар облысының прокуроры М.А.Жоргенбаевке

                  Облыстық ҰҚК басшысы Н.Н.Нурсипатовқа

                  Тәуелсіз БАҚ өкілдеріне

 

 

Ашық хат

Сіздерге Президент сайлауы алдындағы Кереку қаласындағы қоғамдық ахуалы жөнінде айтпақпын.

1.Георгий лентасы. Тарихтан белгілі, лентаның 1941-45 жж. екінші дүниежүзілік соғысқа еш қатысы жоқ. Сондықтан да Қазақстан мен Беларусь сол кезде кеңес империясының құрамында болғандықтан, әкелеріміз бен аталарымыздың сол соғысқа қатысқандығының белгісі ретінде арнайы символика бекітілді. Бұған себеп болған, 18 ғасырлардан басталған «За походы в Центральную Азию», «За взятие г.Чимкента», «За хивинский поход», «За покорение ханства Кокандского», «За отличие на Кавказ и взятие штурмом крепости Геокъ-Тепе»,«Георгиевский крест», «Орден святого Георгия победоносца» ордендері осы лентаға бекітілетін болған. Өз бабаларымыз Кенесары ханның, Исатай мен Махамбетің, Кавказдағы Шәмілдердің (т.с.) ұлт-азаттық  көтерілістерін жаншып отырғандарға берілген.

Сол лента империялық заманды көксейтін орыстілді БАҚ-тың ұсынысымен 2006 жылдан бастап Ресей мемлекетінде жеке қолданысқа енгізіліп, сәл кейін біздің елде де таратыла бастады. Қазіргі интернет жүйесі арқылы халық көп жағдайларға қанық. Осыны білген қазақ, өзбек, ұйғыр, басқа да Орталық Азия халықтары, кавказдықтар, украиналықтар, басқа ұлт өкілдері жаппай сатылып жатқан осы ленталарға қатты наразы. Қазіргі соғыс жағдайында бұл лента Украина үшін де басқыншылықтың символы болып отыр. Бұл лентаны тарату – ел ішіндегі тыныштықты бұзып, арандату. Кеңес уақытының өзінде 9 мамырда алаңға шыққан ардагерлер тек орден-медальдарын, не оның орнына планкілерін тағып шығатын. Ешкімнің лента таққанын көргеміз жоқ.

Бұндайды қадағалап, келеңсіз жайттардың алдын алып отыру міндеті жүктелген Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы қол астындағы БАҚ-тарға 15.04.2015 ж. Егемен Қазақстанда үкімет бекіткен мемлекет символикасындағы лентаны болса да (өкінішке қарай, онда да георгий лентасы, белгісіз себеппен белгіленген?) насихаттауға жол бермей отыр. Бұл жөнінде әкімшілік газеттері ЖШС «Ертіс медиа» басшысы Неволин: «Сіз Копенов мырзамен (обл. ішкі саясат) сөйлесіңіз» деп отыр. Ал, ол кісі мені осы уақытқа дейін бірде-бір рет те қабылдаған емес. Орынбасары Р.Шәмкенқызы қарастырамыз деп қояды. Енді оны сарылып күту керек. Сол себептен де маған Копенов мырзаның тірлігі БАҚ арқылы еш ақпарат таратпай, мемлекет символикасындағы лентаны насихаттамай, облыстағы, қаладағы болуы мүмкін келеңсіздіктерге жол беріп қойып қарап отырудың айласы ма деген ой келеді.

Бұл мәселеде ең басты масқара – мемлекет 9 мамырға арналған өз символикасын бекітсе де, георгий лентасына еш тосқауыл қоймауында. Мағына жағынан: бір лента еліміздің көгілдір рәміздері түстес, патриоттықты насихаттайтын болып есептелсе, басқасы, көзі ашық қоғамға, Ресейдің отарлаудағы басқыншылығымен ұштасатын символы ретінде қабылдануда. 

2.Тіл мәселесі. Қаламыздың қазақ тілінің масқара жағдайына аз да болса демеу көрсетпекке Кутузов көшесінде тұрған бос билбордқа (алдында «Здесь может быть и ваша реклама» деген жазуы болған), Тілдер заңынан: «Қазақ тілін білу - Қазақстан Республикасы азаматтарының парызы» дегенді бірнеше азамат бірігіп қояйық» дегенімде, Р.Шәмкенқызынан: «Ол біздің құзыретімізде емес, бірақ, сен кім едің соны қоятын?» деген жауап алдым. Сол билбордке қарсы, көшенің арғы бетінде ертелі-кеш орыс тілінде әрнені жарнамалайтын билборд тұр. Паузалары тек орысша музыкамен толтырылған! Қалада көп жерде тұр сондай билбордтар. Қазақша жарнама 10 пайыздан аспайды. Қазақша әндер ешқашан болған емес!

3. Мемлекет заңы орындалмауда. Осы жайттар туралы облыс әкімшілігіне хабарлассақ, хатшы әдеттегідей тек орыс тілінде жауап береді. Сенім телефондары «горячая линия», барлығы орыс тілінен басталады. Көп жағдайда сол тілмен бітеді де. Қабылдануына жазылайын десек, тағы солай, сосын не айтасың, барлығын тәптіштеп жазбаша жазу керек дейді. Барлығына уақыт жетіспейтіні белгілі. Блогына жазайын десем, санатты таңдауға келгенде курсорды қоя алмайтындай бұғаттап тастаған. Әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарларымен бұрынғы әкімдердің кезінде де, қазір де еш хабарласуға мүмкіндік болмаған. Хатшылары тек: іссапарда, жиылыста, кейінірек хабарласыңыз; кейінірек хабарлассақ: «Ол жаңа ғана шығып кетті», «Уақыты болмай тұр», т.с.с. жаттанды жауаптарды айтады.

Жергілікті билік, әкімдіктер ұлтшыл (біздіңше, ұлтшыл - мемлекетшіл, патриот дегенді білдіреді, басқа ұлттарды өзектен тепкендерді емес) азаматтарға қарсы былай тұрыпты, Конституциядан бастап мемлекет заңдарына, Қазақстан халқының мүддесіне қарсы жұмыс жасап жатқандай. Осындай билікпен арқасын бүріккендер, «Идите, пасите своих баранов на казахском языке, скоро это будет российская территория» деген сынды сөздерді айтуға еш қымсынбайды. Тілдер басқармасының орынбасары «Біз кім көрінгенге жүгіре бермейміз» дейді. Онысымен қоймай,  қазақ тілінің қарсыластарына, керісінше, менің атыма шағым түсіруді үйрететін болған соң оларға жазбайтын болдым. Полиция, шағымдансаң, керісінше өзіңді соттауға жүгіреді (өйткені, қызметкерлері 90 пайыз қазақ болса да, оларды да қазақ тілімен «қажытамын»). Қазақша сөйлегендердің еститін сөздері: «Вам что, Украину устроить что-ли, Павлодар, а то может и весь Казахстан оттяпать».  Бұл да жоғарыда айтып кеткендей, ешкімге қазақша сөз естіртпейтін жергілікті әкімшіліктердің «тәрбиесі».

Президент сайлауының алдындағы Керекудегі жағдай – осы. Басқа да солтүстік өңірлер осыдан «алысқа ұзай қоймағанын» топшылағандықтан да, назарларыңызды аударып, мемлекетімізде, Кереку қаласында осындай өрескел ахуалдың болмауын қадағалайсыздар, сұрақтарымызға жауап бересіздер деген үмітпен кезекті рет Ашық хат жазып отырмыз.

 

Құрметпен,

Бейсенбай тегі Р.З., «Желтоқсан Ақиқаты» РҚБ

Нұрбаев Қ.Ж., тарих ғ.д., профессор

Тілеубай Ж., энергетика аудиторы

Қалиев М., зейнеткер

Набиев Қ., жұмысшы

Смағұлов Ж., шаруашылық қожалығы басшысы,

Мырзағали Г., студент

Сейдуалиева Г., жұмысшы

Кемел С. жұмысшы

Сарбаев А.Т., банк қызметкері

 

Abai.kz

0 пікір