Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3738 0 пікір 29 Қыркүйек, 2010 сағат 06:11

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Токиодағы Toray Pan Pacific Open турнирінің жеке разрядынан шығып қалды

Алматы. 29 қырқүйек. ҚазТАГ – Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Токиодағы Toray Pan Pacific Open турнирінде ресейлік Елене Дементьевадан екі сетте 0:6, 1:6 есебімен жеңіліп, жеке разрядтан шығып қалды, деп хабарлайды спорт журналистерінің одағы (СЖО).

Бұл ресейлік спортшы мен Шведованың биылғы үшінші бетпе-бет кездесуі болды. Үшеуінде де Дементьева басым түсті: Римде Internazionali BNL d’Italia турнирінің екінші айналымында (6:4, 7:5) және Аустриядағы Hopman Cup турнирінде (6:3, 6:1).

Шведова Дементьевамен кездесуге дейін үш сетте жапониялық Куруми Нараны жеңді — 4:6, 6:2, 6:1. Енді Шведова американдық Ванья Кингпен бірлесіп турнирдің жұптар сайысында Италия ойыншылары Татьяна Гарбин-Франческа Скьявонеге қарсы ойнайды.

Toray Pan Pacific Openтурнирінің былтырғы жеңімпазы - Мария Шарапова. Ол жолы жұптар сайысында итальяндық Франческа Скьявоне мен ресейлік Алиса Клейбановалардың жұбы жеңіске жеткен болатын.

Биылғы турнирдің сыйақы қоры - $2млн. Матчтар 2қазанға дейін жалғасады.

0 пікір