Сенбі, 11 Мамыр 2024
11976 10 пікір 28 Наурыз, 2017 сағат 18:07

Қасым хан туралы фильм түсіріледі

«Қазақ хандығы» телехикаясының жалғасы есепті Қасым хан туралы тарихи фильм түсіріледі. Бұл туралы жазушы,  «Қазақ хандығы» телехикаясы сценарий авторларының бірі Смағұл Елубай «Жас Алаш» газетіне берген пікірінде айтқан. Онда Смағұл Абатұлы «Қазақ хандығы» тарихи жобасының төңірегіндегі сынға жауап бере келіп:

«Қазақ хандығы жобасына қатысты жаңалығымыз да бар. Осы тарихи жобаның жалғасы ретінде президент Н.Назарбаев мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына Қасым хан туралы тарихи фильм түсіруге тапсырма берді. Бізге де тапсырма беріліп, біз, сценаристер, тарихқа қайтадан кірейік деп жатырмыз. Бұл үлкен қуаныш. Қазақ хандарының ішіндегі ең мықты, айтулы хан – Қасым. Қазақтың қазіргі территориясының негізін сол Қасым хан күреспен, шайқаспен жүріп қалыптастырғаны белгілі. Сондықтан бұл жоба қызықты болады деп ойлаймын. Қалың көрерменді осы бір қуанышты хабармен құттықтап қояйын деп едім» дейді.

 

Қасым – қазақ хандық мемлекетінің нығаюы мен дамуына зор үлес қосқан аса айбарлы хан. Оның хандық құрған тұсында қазақ жерінің шекарасы кеңейіп, мемлекеттің дамуы, өсуі қарқын алған.

 

Қасым хан туралы тарихи кино жобаны қандай режиссер түсіретіні әзірге белгісіз.

 

Нұра Матай

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1925
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2059
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1716
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1522