Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3228 0 пікір 27 Қыркүйек, 2010 сағат 07:45

Президент жұмыс сапармен Жамбыл облысына барады

Тараз. 27 қырқүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік жұмыс сапармен Жамбыл облысына барады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Сапар барысында мемлекет басшысы Таразда жүнді бастапқы өңдейтін фабрика мен Жаңатас металлургия зауытын іске қосады.

Н. Назарбаев бизнес-форумға қатысады, онда президентке аймақтың алдағы бес жылға даму бағдарламасы таныстырылады. Оның барысында шетелдік компаниялармен меморандумдарға қол қойылады.

Бұдан басқа, мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік нысандарын аралайды.

0 пікір