Жұма, 26 Сәуір 2024
Анық 6776 0 пікір 28 Қараша, 2016 сағат 11:47

БӘЙТЕРЕККЕ 400 МИЛЛИОН БӨЛДІ

Астанадағы әйнегі шытынаған «Бәйтеректі» жөндеуге бюджеттен 400 миллион теңге бөлінбек екен. Бұл туралы «КТК арнасы» хабарлайды.

Арқаның аязы Бас қаланың бас символының сырын түсіріп, шыныларын шытынатыпты.  

«Астана Бәйтерек» ЖШС бөлім басшысы Ахмет Батаевтың айтуынша, мақтауы асқан монумент мүшкіл хәлде көрінеді.

Тұрғызылғалы бері жөндеу көрмеген. Сондықтан 400 миллион түгелдей жөндеу жұмыстарына жұмсалады дейді. Қабырғалары көгерген, тозған, баспалдақтары скочтпен оралған тағысы тағы. Бұл ғимараттың бой көтергеніне 14 жыл. Тоқетері ғимараттың қазіргі жағдайы көңіл көншітерлік емес.

Ал Астананың әкімшілігі бұдан хабардар көрінеді. Сондықтан «ЭКСПО-2017» қарсаңында күрделі жөндеуден өткізілетін болады.

Бір жағынан «Бәйтерек» бас символдардың бірі. Азаттық мүсіні, Эйфель мұнарасы секілді брендтердің сапында «Бәйтерек те» бар. Ендігі жылы ағылып келетін шетелдіктер бас сұқпай өтпесі анық. Демек жөндеу жасалуы керек.

«Шардың шынылары ауыстырылады. Тозығы жеткен құрал саймандар ауыстырылады. Электрожабдықтар, жердегі мрамор ауыстырылады. Негізінде «Бәйтеректің» өзінде өзгеріс болмайды. Сол қалпында қалады. Тек ескіні жаңалау ғана», - дейді «Астана Бәйтерек» ЖШС бөлім басшысы Ахмет Батаев.

Ал енді жөндеу жұмыстарына келсек, бюджет юөлген 400 миллионның тек 150 миллионы әйнектерді ауыстыруға жұмсалады екен. Неге сонша сома? Сөйтсек, әйнектер Итальядан әкелінетін көрінеді.

Рас, басшылар үшін арқаның қысы ауыр болды биыл. Әуелі ел телміріп отырған «ЭКСПО» опырылып түсті. Енді міне, 15 жылға жуық лаусыз тұрған «Бәйтерек» те үгітіле бастады. «ЭКСПО» қарсаңында күллі Астананы эксплуатациядан өткізу керек болып жүрмесе игі еді.

Abai.kz

0 пікір