Сенбі, 7 Желтоқсан 2019
46 - сөз 3763 0 пікір 29 Желтоқсан, 2015 сағат 10:48

ТҮРКИЯ ЖАРАП ЖАТЫР

Түркия билігі тағы бір сауапты дүниені қолға алды. Мазасы кеткен Украинадағы месхет түріктерін Түркияға көшіруді бастады. Түрлі зобалаңды бастан кешкен месхеттіктердің алғашқы көші Түркияға бет бұрды. Жалпы, түркі əлемінде қиындық көрген бауырларын Түркия өз қамқорлығына алудан ешқашан тартынған емес.

Кеңес одағынан қудалау көріп, Памир асып барған 2 мыңға жуық қазақты бауырына басты. Арнайы жер беріп, Стамбулдың төріне орналастырды. Ауғанстандағы азаматтық соғыс кезінде зəбір көрген қырғыздарды да қатарына қосты. Ноғай, гагауыз, қарашай сияқты ұлт-ұлыстардың да өкілін өзекке тепкен емес. Қытайдағы ұйғырлардың жағдайына алаңдап, халықаралық деңгейде мəлімдеме жасады. Ағалық қамқорлығын танытып-ақ жүр... Түркияның осы ұстанымы ұнайды. Осыдан 25 жыл бұрын əлемдегі тəуелсіз жалғыз түркі мемлекеті Түркия ғана еді. Шүкір, қазір 6 түркі мемлекеті тəуелсіз ел ретінде өмір сүріп жатыр. Бұл қатарды толықтыратын елдердің болатыны анық. 
Түркияның түркі елдеріне қамқорлығы жайлы мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бір ғана мысал: Түрiк Республикасы құрылуының 10 жылдығына орай 1933 жылы 29 қазан күнi Түркия Ұлттық Мәжiлiсiнде Ататүрiк: «…Бүгiн Кеңес Одағы – досымыз. Осы достыққа мұқтажымыз бар. Алайда, ертең не боларын бүгiн ешкiм де кесiп айта алмайды. Құдды Осман немесе Австрия – Венгрия империялары сияқты бөлшектенiп, ұсақталып кетуi де ғажап емес. Бүгiн қолыңда мықтап ұстаған халықтар ертең уысынан шығып кетуi мүмкiн. Мiне, сол кезде Түркия қандай әрекет жасау керектiгiн бiлуi тиiс… Бiздiң осы досымыздың қол астында тiлi, дiнi, тағдыры бiр бауырларымыз бар. Оларға қол ұшын беруге әзiр болуымыз керек. Әзiр болу – сол күндi үнсiз күту деген сөз емес. Дайындалу керек. Халықтар бұған қалай әзiрленедi? Рухани көпiрлердi берiк сақтай отырып. Тiл – бiр көпiр. Сенiм – бiр көпiр. Тарих – бiр көпiр…», - депті. Не деген көрегендік! Бүгінгі Түркия Ататүріктің осы аманатына адал болды. Барша түркілерді бауырға басамын деген ұлы мұраттарына тек сəттілік!

Нұрсерік Жолбарыс

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір