Дүйсенбі, 18 Қараша 2019
Деп жатыр 2841 0 пікір 28 Қаңтар, 2016 сағат 12:20

АЛЛА ПУГАЧЕВА «РИНГО» ТОБЫНА БАТА БЕРДІ

Алла Пугачева «Ринго» тобына онжылдық мерейтой концертін өткізуге батасын берді. Бұл туралы продюсер Instagram желісіндегі жеке парақшасына жазды. «Алла Борисқызы Пугачева, өкінішке қарай, ұшып келе алмайды, себебі ол көп ұшпайтын көрінеді. Дегенмен 10-жылдық мерейтой концертімізді өткізуге батасын берді, өйткені бір кездері сол ғана жігіттерге сенген болатын! Екі рет! Бекер емес болған сияқты», — деді продюсер.

2016 жылы мамырда «Ринго» тобына 10 жыл толады. Осыған орай былтыр өтуі керек болған концерт осы жылға ауыстырылды. Және продюсер бұл мерейтойлық концерттің ешқандай қиындыққа қарамастан өтетінін мәлімдеді.

«Бұл жігіттер жеке, есеп беру концерттерінен артық концертке лайықты» — деп жазды продюсер. Бірақ көрерменге жылы атмосфера сыйлап, өз тәжірибесімен, жанға жылу әндерімен және әрқайсының жүрегінің бөлшегімен бөлісу әлдеқайда маңызды екенін жеткізді.

Дереккөз: Baistars.kz


0 пікір