Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 5537 0 пікір 6 Шілде, 2015 сағат 00:25

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖЕҢІСІН ЕШКІМ ТОҚТАТА АЛМАЙДЫ

Менің пікірімше, Қазақ елінің президенті сұхбатын қазақ тілінде беретін уақыт келді. Өз халқына үндеуі болсын, үлкен сұхбаты болсын, мемлекеттік тілде жариялауы міндет. Ол өз халқына құрметтің белгісі ғой.

Елбасы мемлекеттік тілге көшіп жатса, Қазақстанның премьер-министрі, министрлері, бизнесмендері, банкирлері, олардың менеджерлері бірден қазақ тіліне көшетін еді. Олардың барлығы бірден қазақ тілінің патриоттары болып шыға келер еді.

Қазір еліміздегі тіл ахуалы мынандай ғой. Қазақтілді халық - сөзсіз елдің көпшілігі. Ал, орыс тілін билік өзі енгізіп жатыр емес пе? Теледидарда, радиода, тіпті қазақ музыкасының концерттерінде жүргізушілер екі тілде жүргізеді. Сонда ойлаймын, залда отырған 100% қазақ, сахнада - 100% қазақ, әндер қазақша, сонда жүргізушілер кімге орысша сөйлеп тұр деп. Тіпті, қазақ ұлттық арнасында қазақтілді хикаялар орысша жазылып,  титрлерімен жүріп жатыр. Бұл масқара емес пе?

Сондықтан елбасының өз халқына көрсететін үлгісі өте маңызды. Солай дегенмен де, Қазақстанда қазақ тілінің жеңісін қалай болса да енді ешкім тоқтатай алмайды.

 

Мұхтар Тайжан

(Әлеуметтік желіден)

0 пікір