Жұма, 24 Қаңтар 2020
Жаңалықтар 3008 0 пікір 26 Тамыз, 2015 сағат 10:53

Б. САПАРБАЕВ: ҚАЗІР БАҒАЛАРДЫ КӨТЕРУГЕ ЕШ НЕГІЗ ЖОҚ

Тараздағы азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары бағдарламасының бір бөлігі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Вице-премьер Таразда оныншы жыл жұмыс істеп жатқан «Скиф-Трейд» сауда үйінде болды. Б.Сапарбаевты бұл супермаркет сұрыптамасындағы импорт тауарларының көлемі және әлеуметтік маңызды тауарлардың баға деңгейі қызықтырды.

«Скиф-Трейд» СО-ның басшысы Светлана Иманбекованың айтуынша, импорт тауарлары шамамен 30 пайызды құрап отыр, ал «Қазақстанда жасалған» арнайы тақтайшаларымен белгіленген отандық өндіріс тауарлары (70 пайыз) басым болып табылады.

«Қазіргі кезде бағаларды көтеруге еш негіз жоқ. Өнімдерді шығаруды қандай кезеңде орындайсыздар? Бір айға, бірнеше айға? Сізде келісімдерге кем дегенде бір жыл бар. Егер келісімдер бір жылға жасалса, сізде тауарлардың бағасын көтеруге еш негіз жоқ», - деді Б.Сапарбаев.

Вице-премьер қала әкіміне азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары бағаларының жағдайын күн сайын бақылап отыруды тапсырды. «Комиссия, қанша болғанын, қаншасы қалғанын күн сайын тексеруі тиіс. Егер бағалардың өсуі орын алса - қандай негізде көтерілгенін анықтауы керек», - деді ҚР вице-премьері. 

 

Абай-ақпарат

0 пікір