Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5230 0 пікір 30 Сәуір, 2010 сағат 06:42

Алдағы Азия ойындарына темір жолды жөндеуге байланысты Павлодардан бірқатар маршруттар алынып тасталды

Павлодар. 29 сәуір. ҚазТАГ - Алдағы Азия ойындарына дайындық ретінде темір жолды жөндеуге байланысты Павлодардан шығатын бірқатар маршруттар алынып тасталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

30-шы мамырдан бастап Павлодар-Алматы бағытындағы №45-ші поезд, Мәскеу, Екатеринбург пен Адлерге баратын құрамдарға тіркеме вагондар  жүруін тоқтатады. Бұл бағыттарға сұраныс өте жоғары, мысалы, Екібастұз, Астана, Қарағанды, Шу  арқылы жүретін Павлодар-Алматы поезы 400 жолаушыға қызмет көрсетеді.

Одан басқа, бұл Екібастұз бен Алматыны байланыстыратын жалғыз маршрут. Бұл қаланың тұрғындары қазірдің өзінде әр түрлі сатыларға, облыс әкімінің, премьер-министрдің блогтарына шағымданып жатыр.

Бүгін «Жолаушылар тасымалдау» АҚ-ның «Северный» өңірлік филиалынан хабарлағандай, маршруттарды алып тастау мәжбүрлі шара болып отыр.

«Астана-Алматы жүйрік жолын Азиа ойындарына дайындау басталды және жарық кездері жөндеу жұмыстарына уақыт терезесін ашу үшін бірқатар бағыттардағы маршруттарды алып тастап жатыр. Осы себепті №45-ші поезды да алып тастады. Бұл мәселе ККМ және ҚТЖ деңгейінде шешіліп қойылды», - деді кәсіпорынның поезд бригадаларымен жұмыс жөніндегі бас инженер Жанат Құсайынова.

Тасымалдаушы кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, «Павлодар-Алматы» маршруты қайтадан ашылатыны-ашылмайтыны белгісіз.

«Бізде бұған қатысты ресми құжат жоқ. Ал жазғы маусым - 30-ші мамыр мен қыркүйек аралығына билет сату тоқтатылды», - деді Ж. Құсайынова.

«Жолаушылар тасымалдау» АҚ-ның «Северный» өңірлік филиалының бастығы Нұрлан Сәрсембиновтың айтуынша, жолаушыларды жеткізу проблемасы жартылай шешілген.

«Сұранысқа байланысты Павлодар-Семей-Алматы бағытымен жүретін поезд құрамы 45-ші поездан босатылған вагондар есебінен 16-18 вагонға дейін көбейтіле алады. Қазір бұл бағытпен 6 вагон ғана жүруде. Қиындықтар, тапшылық болады, себебі әсіресе Астанаға баратындар көп қой. №673-ші Павлодар-Астана поезына вагондар қосатын боламыз», - дейді Н. Сәрсембинов.

Сондай-ақ, оның мәліметтерінше, «жазғы маусымға жаңа графикті енгізуге байланысты», Павлодардан шығатын құрамдардаға Мәскеу, Адлер, Екатеринбургке дейінгі тіркелетін вагондар алынып тасталады.

«Бұл уақытша, кейін қалай болатынын біз білмейміз. Поезд бригадасындағы барлық жұмысшыларды, ал олар тіркеме вагондарда 80 адам да №45-ші поезда 200 адам, бәрін жұмыспен қамтамасыз етеміз, қысқарту болмайды. Ал Алматыға барғысы келетін Екібастұздықтар Астана арқылы басқа поезға отырып баруарына тура келеді», - деді Н. Сәрсембинов.

0 пікір