Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4996 0 пікір 26 Ақпан, 2010 сағат 04:23

Түркияның күрділерді қолдайтын газетінің бұрынғы редакторы 525 жылға түрмеге отырғызыуы мүмкін

Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ–  Түркияның күрділерді қолдайтын «Азадия Велат» газетінің бұрынғы редакторы Ведата Куршун (Vedat Kurşun) қылмыскершілікті уағыздап және мадақтады деп Түркияда айыпталды.

Бейсенбі күні «Ферғана.ру» агенттігі International Рress Institutе-ге сілтемелеп, оған «уағыз тарату арқылы КЖП (Күрдістан жұмысшы партиясы) ұйымына септігін тигізу» мен «қылмыскершілік пен қылмыскерді мадақтаушылық» мақалалар таратқаны үшін 105 тармақтан тұратын айып тағылғанын хабарлады.

Агенттіктің мәліметтерінше, В. Куршун 2009 жылы қаңтарда Стамбулде басқа іс бойынша көрсетулер беру үшін келгенде қамалған. 13 ай бойына ол Түркияның оңтүстік шығысындағы Диярбакыр қаласының түрмесінде отырды. Оның ісі бойынша процесс 18-ші ақпанда басталды. Мұның алдында бір апта бұрын осы сияқты айыптаулармен «Азадия Велат» газетінің бас редакторлығында оның мұрагері болған Озан Кылынч 21 жылға сотталған болатын.

«19-шы ақпанда Диярбакырдағы Жоғарғы сотта қылмыстық іс жөніндегі айыптаушы, Куршун Түркияда заңсыз деп жарияланған КЖП-ның мүшесі болып табылмағанымен, ол осы партияны ұйымдастырушы көсемі Абдулла Оджаланның идеяларын насихаттаушы ретінде айыпталатынын мәлім етті. Прокурор бұрынғы редакторды 525 жылға түрмеге отырғызуды талап етті», - деп жазады «Ферғана.ру».

В. Куршунның адвокаты мұндай айыппен келіспей, жарияланым еркін пікір білдіру мен еркін ақпарат тарату құқығының негізінде дайындалғанын алға тартып, өзінің қорғауындағыдан барлық айыптауларды алып тастауды талап етуде. Қазіргі кезде В. Куршунның үстінен басталған процесс тоқтатылып қойды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1923
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2056
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1711
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1522