Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3430 0 пікір 21 Желтоқсан, 2009 сағат 08:14

Шығыс Қазақстанда елік атқан браконьерлер ұсталды

Өскемен. 21 желтоқсан. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысы ІІД полиция қызметкерлері еліктерді заңсыз атты деген күдікпен Өскемен қаласының үш тұрғынын ұстады. Бұл туралы ШҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аңшылар Өскемен-Самарское автожолында облыс орталығынан 30 шақырым жерде ұсталған. Олар мінген көлікті тексеру барысында салоннан екі еліктің тушасы табылды.

Жүргізуші мен оның екі жолаушысы түсіндіргендей, олар еліктерді Көкпекті ауданында атып алған. Ал аңшыларда бір елікті ғана атуға лицензия болған. Шығын шамамен 100 мың теңгені құрады.

«Браконьерлерден «Лось» карабині, екі аңшы мылтығы тәркіленіп, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды», - дейді департаменттегілер.

0 пікір