Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3152 0 пікір 21 Желтоқсан, 2009 сағат 07:35

Бейс Қазақ. Қытай жеріңді сатып алмайды, тартып алады...

Мемлекеттің мемлекет болып тұруы үшін ең алдымен мемлекет жерінің тұтастығы мен шекарасының бүтіндігі керек екенін бәріміз білеміз! Бұл барлық мүмкіндіктің негізі, яғни ол жерде халық тіршілік ететін барлық байлық бар. Ата-бабаларымыз қан-терін төгіп жүріп сақтап қалған жерімізді басқаларға жалға беру бізді қандай хәлге душар етеді? Өзбекстанға жалға беріліп қайтпай қалған Бостандық ауданын еске түсірейікші. Ал Қытай болса  Гонконг қаласын 49 жылдан кейін өзіне әрең қайтарып алғанын біреу білсе, біреу білмейді. Осы мәселелер туралы сөз бастар алдында төмендегі әңгімелерге соға кеткенді жөн көрдім.

18 желтоқсанда Қытайдың  "Рен минь рь бау"(халық газеті) газетінің ағылшын тіліндегі сайтында елеусіздеу бір дерек  пайда болды. «Жеті мың гектар жер он жылға алынды, үш мың қытай диқаны Қазақстанға осы көктемде барады» деген мәліметте арнайы құрылған кәсіпорынның атауы да аталды. Бұл Алматы облысы Алакөл ауданында орналасқан "Сино-Қазақстан" компаниясы. Оның директоры - Ху Фең деген азамат.

Ал, біздің билік бұл шындықты жасырып-жауып, жайма шуқтандырып былай деп отыр:

Мемлекеттің мемлекет болып тұруы үшін ең алдымен мемлекет жерінің тұтастығы мен шекарасының бүтіндігі керек екенін бәріміз білеміз! Бұл барлық мүмкіндіктің негізі, яғни ол жерде халық тіршілік ететін барлық байлық бар. Ата-бабаларымыз қан-терін төгіп жүріп сақтап қалған жерімізді басқаларға жалға беру бізді қандай хәлге душар етеді? Өзбекстанға жалға беріліп қайтпай қалған Бостандық ауданын еске түсірейікші. Ал Қытай болса  Гонконг қаласын 49 жылдан кейін өзіне әрең қайтарып алғанын біреу білсе, біреу білмейді. Осы мәселелер туралы сөз бастар алдында төмендегі әңгімелерге соға кеткенді жөн көрдім.

18 желтоқсанда Қытайдың  "Рен минь рь бау"(халық газеті) газетінің ағылшын тіліндегі сайтында елеусіздеу бір дерек  пайда болды. «Жеті мың гектар жер он жылға алынды, үш мың қытай диқаны Қазақстанға осы көктемде барады» деген мәліметте арнайы құрылған кәсіпорынның атауы да аталды. Бұл Алматы облысы Алакөл ауданында орналасқан "Сино-Қазақстан" компаниясы. Оның директоры - Ху Фең деген азамат.

Ал, біздің билік бұл шындықты жасырып-жауып, жайма шуқтандырып былай деп отыр:

А. Евниев, "это не аренда, речь идет о совместном ведении производства, когда каждый товаропроизводитель сможет выбирать: производить то, что обеспечено гарантированным сбытом, гарантированным приобретением". "В данном случае речь идет о сое, в последующем это будут кукуруза и рапс", - уточнил он.
"Проект (совместного производства. - Прим. агентства) будет запускаться с начала 2010 года". По словам А. Евниева, "это будет нормальная рыночная диверсификация производства". (Астана. 14 декабря. Kazakhstan Today).

Әйткенменде қытай қауіпі туралы  мынандай пікір бар:

М.Әуезов:  «Байқайсыз ба, ол сояға қатысты жоба талқыланып жатыр деді. Бірақ, бұл жоба жүзеге асса Қытайдан көптеген адамдардың әкелінетіні түсінікті ғой. Ол сояны кім өсіріп, өңдеп, сатумен айналысады?  Егер әлгіндей жұмыстардың барлығымен қытайлықтар айналысса, онда бұл қыруар адам. Бұл жерде әңгіме тек қытай шаруасы ғана емес, қытайлық бүкіл инфрақұрылым жайында болуы мүмкін. Қытайларға өз тағамдары, өз медицинасы, т.б. керек болады. Яғни, егер бұл мәселе қытайдың пайдасына шешілер болса, онда Қазақстанды нағыз отарлау туралы әңгіме айтуға болады»( www.azattyq.org).

Қытайға жер беру туралы мәселеге келгенде төмендегі үш жайтқа баса көңіл бөліуіміз керек:

Біріншіден,  Қазақ елі өз жерін басқаларға жалға беруге мүдделі ме, немесе оның елімізге қандай пайдасы бар?

Мысалға «Байқоңыр»  жөнінен алғанда бұл технология мен жаңа инновациялық даму тұрғысынан Ресейдің кейбір артықшылықтарын үйрену үшін керек шығар. Бірақ,  Саршағаннан 2 миллион гектар жердің Ресейге қару-жарақ қуатын сынау үшін берілуі ақылға қонбайды.

Ал, ауыл-шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін жерді жалға берудің ешқандай да пайдасы жоқ. Себебі бізде ауыл-шаруашылығы өнімдері жеткілікті, тек дайын өнімді шет елге сату жағы ғана ақсап тұрғаны белгілі. Мәселенки,  астықтың шіріп, қар астында қалуы көп жайттан хабар берсе керек.  Бұл бір жағынан биліктің дәрменсіздігін білдірсе, енді бір жағынан биліктің халыққа қарсы саяси қысымы болуы да мүмкін! Себебі билік астық өндірушілерге рұқсат бергенде оны өздері де шет елге сата алатын еді.

Екіншіден, 1 миллион гектар жерді Қытайға жалға беру - 10 миллиард доллардың өтеуі  болуы мүмкін. Қытай Қазақсанға 10 млрд инвестиция құйып Батыс елдерімен ашық бәсекеге шығып алды. Қытай қазір қазақ жерінің мұнай-газ саласын ұстап отырған басты  держава.   !

Үшінішіден, Қытай қаупі барған сайын күшейіп келеді.

2009 жылғы әлемдік экономикалық дағдарыс Қытай үшін үлкен пайда әкелді. Басқа елдердегі завод-фабрикалардын күйреуі әлемнің тұтынушыларының Қытайға тәуелділігін арттырды. Қазақстан онсызда қытайдың экономикалық қысымына қол қусырып қарап отырған ел.

Қытай қаржыгерлері Батыс елдеріндегі және АҚШ -тағы құны төмендеген шағын аудандары мен құрылыстарды сатып алып, Батыс елдерінің қорқынышын тудырды. Сол себептен АҚШ қытайларға бұндай орындарды сатуға шек қойып жатыр. Бұл саясатын қытай Қазақстанға да жүргізіп, Маңғыстау мұнайгаз компаниясын, Ақтөбе, Қызылорда, Торғай мұнай кеніштерін сатып алғаны белгілі. Қытай енді қазақ жеріне қарап аранын ашып отыр.

1 Миллион гектар жерге 1 миллион қытай керек екені белгілі! Ал олардың әйелі, бала-шағасы, туыстарымен қосылғанда 10 жылда 10 миллионнан асып кетпесіне кім кепіл! Біздің жан санымыздың массасы қытайлармен санаса алмайды. Олар тез көбейеді әрі олардың Қазақстанға келгісі келетін ағайын, туыстары жетіп артылады.

Қытайлардың әлемді жаулау саясаты да тым астарлы.  Олар Қазақстанға келіп жұмыс істейтін компанияларды салықтан босатады және мерзімсіз, өсімсіз қаржымен қолдап отырады, тіпті жергілікті ұлт өкілдерімен үйленген жігіттерінің жалақысын 10 есе көтеріп, оларға да жан-жақты көмектеседі. Мысалы қазір Қазақстан азаматтығын алған Қытайларға Алматы мен Астана маңынан көп мөлшерде жер сатып алып берген.

Қазақстандағы Ата Заң мен арнайы заң ережелердің  кемшіліктері біздің ұлттық мүддемізге зардабын тигізе бастады. Бұл жағында екі мәселе бар: біріншісі, бұрынғы ТМД елдері азаматтарына азаматтық беру мәселесінде кемшілік Азаматтық алуға өтініш берушілердің ТМД елдерінің тарихи тұрғыны болуы керек еді. Қазір қытайлар Қырғызстан азаматтығын алады да сосын тездетіп Қазақстан азаматы бола салады. Мысалы, зілтемір көтеруден әлем чемпионы атанған 2 қытай қызы осындай жолмен Қазақстан  азаматтығына қол жеткізіп әрі ұлттарын да өзгертіп алған. Босқындарға берілетін азаматтық мәселесі де қытайлардың бағына жұмыс істеп тұр.

Құзырлы органдардың басын шырмаған жемқорлық енді ұлтты сатуға кетіп барады. Қытайлар  Қазақстанда тұрғанына 5 жыл болмай жатып ақ көк паспортты қалтасына салып алып шапқылап жүр.

Бұның бірі ойына кіріп шықпай,  жастарымыздың дені, әсіресе, бай-бағыланның баласы ақшаны ар-ожданнан артық қойып, шет елде жұмыс істегендеріне мәз. Қайсыбір қарындасымыз бен апамыз, артық кетсем айыпқа бұйырмаңыздар, қытайға «қатын» болуға қазірден дайын екенін де ескере жүргеніміз абзал!  Бұл келеңсіздік түптің түбінде біздің елдің сұмдық трагдиясына айналуы ықтимал.

Қысқасы, біз толық қытайдың мысықтабандап келе жатқан әрекетіне бей берекет қарап текке отырмыз. Биліктің қытайға жерді жалға береміз, сатпаймыз деп жақауратуы шылғи өтірік. Қытай жеріңді сатып алмайды, пайдаланамыз деп ақырында тартып алады.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір