Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Қоғам 2507 24 пікір 6 Мамыр, 2024 сағат 13:14

Гитлердің сөзіне жүгінген Бишімбаев ақталса, қазақ қоғамын қара басқаны!

Сурет: ҚазТАГ-тан алынды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың Астанада онлайн-трансляциямен өтіп жатқан соты қазақ қоғамын екіге жарды десек артық айтпаймыз.

Орыстанған кейбір қазақтардың ұлтқа жат қылықтары ашық эфирде жұртқа әйгілі болды дегенді көзі ашық жұрт ашық сөз қыла бастады. Осылайша қағынан жеріген құлын болып табылатын буынның бір өкілі барша жұрт алдында әшкере болды.

Жан-жарын айуандықпен өлтірген адам заңнан қолдау іздеп, қанды қол қылмысынан құтылмақшы болғанын ешкім жақтырған жоқ. Бірақ бір кездегі билікте болғаны өзін ақтап шығады деген дәме де болғанын жасырып жабуға болмайды.

Әйелін өлтіріп, енді өзін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетпекші болған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотта сөйлеген соңғы сөзі көптің жағасын ұстатты.

Бастапқыда Адольф Гитлерге тиесілі болған: «Біздің өтірігіміз қаншалықты қорқынышты болса, адамдар оған соншалықты оңай сенеді», - дегенді кейін Йозеф Геббельс жағы талмай қақсаған. Бишімбаев дәл осы дәйексөзді айтты.

«Дәйексөз айтқым келмейді, бірақ айтайын. 30-шы жылдары нацистік Германияда осындай қайғылы үгіт-насихат министрі болған. Оның атақты сөзі былай болды: «Біздің өтірігіміз қаншалықты қорқынышты болса, адамдар оған соншалықты оңай сенеді». Менің ісім де солай болып шығады», - деді дүйсенбі күні сотта соңғы сөзін айтқан Бишімбаев.

Бишімбаев бұны қағаздан оқыды. Сондай-ақ іс бойынша сотталушы інісі Бақытжан Байжанов та орыс тіліндегі соңғы сөзін қағаздан оқып, Нүкеновтер отбасынан кешірім сұрап, өз кінәсін мойындаған жоқ.

Экс-министр Бишімбаев өзін азаматтық жұбайы Салтанат Нүкенованың өліміне кінәлі деп есептейтінін, бірақ қасақана кісі өлтіргендігін тағы да мәлімдеді.

«Егер сендер жоғарғы бастауға, Құдайға сенесіңдер, ал мен Оған сенсем, Ол бізді сынайды, түсінеміз бе, түсінбейміз бе... Біз оның тестінен күн сайын өтеміз. Ең жоғары адамгершілік құндылықтарға сынақ, бұл. Сол күні, 8-9 қарашаға қараған түні мен бұл тестілеуден өте алмадым. Мен өзімде бар жақсылықтың бәрін, әр адамда бар нәрсенің бәрін қорладым. Мен мұны терең түсінемін, күн сайын өкінемін. Менің іс-әрекеттерім сүйікті адамымның өліміне, оның ата-анасының, оның отбасы мен достарының қайғысына себеп болды. Мен олардан тағы да кешірім сұраймын. Барлық азаматтардан кешірім сұраймын. Мен ата-анамнан, туыстарымнан, достарымнан, балаларымнан кешірім сұраймын. Менің қателіктерім олардың өмірлеріне қайғы-қасірет, қорқыныш әкелді», - деді сотталушы.

Ол сондай-ақ «барлық мүмкіндіктері болғанымен» жасырынуға және жауапкершіліктен құтылуға тырыспағанын атап өтті. Бишімбаев өзінің соңғы сөзінде әлеуметтік желілерде оған деген өшпенділікті қоздыру үшін ұйымдастырылған және ақылы кампания жүріп жатыр деп мәлімдеді.

«Құрметті алқабилер, сіздер БАҚ пен әлеуметтік желілердің қатаң қысымы жағдайында шешім қабылдауға мәжбүр боласыздар. Осының бәрі жасанды, қасақана, шебер ұйымдастырылған және төленген. Сіздерден объективті және бейтарап болуларыңызды сұраймын. Мен Салтанаттың өліміне қатыстымын, оның өліміне мен кінәлімін. Мен бұған жауап беруге дайынмын», - деді ол.

Сот 10 мамырда сағат 10:00-де жалғасады. Бишімбаевтар ақталса, қазақ қоғамын қара басқаны деген сөзді жұрт ашық айта бастады.

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2384
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661