Жұма, 3 Мамыр 2024
996 3 пікір 19 Сәуір, 2024 сағат 17:32

Атырауда құм толы қапшықтарды ұрлағандар ұсталды

Сурет: ресми деректерден

Күріштің арқасында күрмек су ішіпті демекші, су тасқынының алдын алуға арналған құм толы қапшықты ұрлаушылар да табылды. Қазіргі таңда бес адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Қалалық полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, 18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Атырау қаласында Жайық өзенінің бойына құм толы қапшықтардан тұрғызылған бөгетті бұзып,  қапшықтарды ұрлаған адамдар анықталды.

"Атырау қаласындағы Жайық жағалуында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толтырылған қапшықтарды ашық түрде жымқырғандар анықталып ұсталды. 42, 32, 37, 38 жастағы ер адамдар мен 34 жастағы әйел адам алдын ала ақылдасып құм толы қапшықтарды өз тұрғын үйлерінің қоршауына көлікке тиеп тасыған", – делінген Атырау қалалық полициясының хабарламасында. 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 563
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 292
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 314
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 325