Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
550 0 пікір 15 Сәуір, 2024 сағат 21:01

Оралға су басқу қаупі төнді: Қала әкімі шұғыл үндеу жасады

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов Оралдықтарға шұғыл хабарландыру жариялады:

“Құрметті Оралдықтар! Баршаңызға белгілі қалада Жайық өзенінің көтерілуі күрделі жағдай болып отыр.

Мамандардың айтуынша Ресей Федерациясынан судың мол көлемі 2-3 күнде Оралға жетеді. Қауіпті деңгей 8,5 метр болса, қазір Жайықтың деңгейі 8 метрге жақындады.

Су тасқынына орай жергілікті атқарушы органның және төтенше жағдай қызметтерінің барлық ресурстары тартылды. Қазіргі уақытта 350 арнайы техника мен 2000-ға жуық адам жұмылдырылды.

Сондай-ақ, өзге өңірлерден, облысымыздың аудандарынан келген әскери қызметшілер мен еріктілер бұл жұмысқа белсене ат салысып жатыр.

Ең бастысы азаматтардың амандығы! Сондықтан Жайық жайылымындағы елдімекендер мен саяжайларды су басу қаупі жоғары. Әсіресе Курени, Старица, Каминтерн аудандарының халқына эвакуация жасау қажет.

Өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың өмірін қауіпке тікпей, шұғыл ағайын-бауырларыңыздың үйіне орналасыңыз. Болмаған жағдайда, Оралымызда эвакуациялық орталықтар жұмыс істеуде. Олар халқымызды күндіз-түні үздіксіз қабылдайды. Сұрақтар бойынша, біздің штабқа: 24-05-70 нөміріне хабарласуыңызға болады. Эвакуацияны қазірден бастаңыз!”- делінген хабарландыруда.

Abai.kz

0 пікір