Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
494 7 пікір 15 Сәуір, 2024 сағат 18:46

Қазақстан Армения мен Әзербайжанды татуластыра ма?

Сурет: life.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынасты тезірек реттеуге шақырды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Ереванда өткен келіссөздер барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Оңтүстік Кавказда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударды.

Мемлекет басшысы Армения мен Әзербайжанның бейбіт келісім жасау жөніндегі қадамдарын жоғары бағалады. Осы орайда Қазақстан Президенті Ереван мен Баку арасында тезірек берік әрі ұзақмерзімді бейбітшілік орнағаны маңызды деп атап өтті. Сондай-ақ келіссөздер үшін Қазақстан өз алаңын ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Бейбітшілік пен келісімге нақты келіссөздер арқылы қол жеткізуді жақтайтын Қазақстанның бұл бағыттағы барлық іс-әрекетті қолдауға әзір екені айтылды. Тараптар Армения мен Әзербайжан арасындағы уағдаластықтарды нақты жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.

Abai.kz

7 пікір