Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3225 0 пікір 3 Желтоқсан, 2013 сағат 05:09

Самат Жақай. 2050-ді жедел аяқтап тастап, айға ұшқалы жатқан жоқпыз ба?

Елді-мекендерде не болып жатқанымен ешкімнің шаруасы жоқ. Кешегі әкім- қаралардың сайлауы бізге не берді? Ештеңе берген де жоқ, әкелген де жоқ. Тек біздің елде қожанасырлық басым екендігін айқындап көрсеттік те қойдық. Елдегі қазақтар, осы бізге не болған деп, таңырқасып бастарын қасып отыр. Бұл шаруамыз баяғы, таз бен соқыр және жалақтың аңызы тектес ертегі болды да қойды. Ауылдық елді мекендерге келіп жатқан жаңалықтың көпшілігінде негіз жоқ. Қисынсыз, қисық шаруалар.

Мәселен, бүгінгі күнде аудандардағы салалық бөлімдерде 3 адамнан құралатын, одан қалды 5 және 8 қызметкерлер аралығында жұмыс жасайтын бөлімдер бар. 3 адамның ішінде біреуі басшы, біреуі маман болса, үшінші есепші маман екен. Яғни, бір құлға басшылық жасайтын бір адам, жалақы есептейтін бір адам екен. Сол тәріздес 5 және 8 адамға бола, бөлімдерде дербес бухгалтерия ашудың қандай қисыны бар?

Ұмытпасақ, 2006 жылдан бері қарай барлық ықшамдау мен қысқартуларға бірыңғай жергілікті жерлердегі мекемелер ұшырапты. Салалық бөлімдерді бір-біріне қосып, дүбара мекеме шығарған. Оларды қайта ажыратты. Сонда не тапты?

Бүгінгі салалардың қал-жағдайын сұрастырсақ, әр сала бойынша, бір маманның мойынына 7-8 міндетті жұмыстарды атқаруды жүктеп қойыпты. Бір маман демалысқа шықса, сол маманның жұмыстарын қалғандарына жіліктеп артып қояды екен.

Оның ішінде 60 жастағылары кеңесін айтып, той, садаға, құдажол деген жауапты шаруаларды жағалап кете барады екен. Себебі, елде қалған есі дұрыс, дені сау, жүріп – тұруға шамалары келетін қарттар да солар.

Қаржыны иегру қажет деп, аудан әкімдері бөлім басшыларын қыстау соңғы кезде мүлде жойқын шараға айналған. Жауапкершілік те, айыпталушы да, сотталушы да 3 адамнан құралатын бөлім басшыларында, ойбай салып төмпештелетін жалғыз құл. Ескерту де, қатаң сөгіс те сол байғұстың үлесіне беріліп, барлығы көңіл айтып, жұбатып та қояды екен.

Сонда басқару жүйесінде болып жатқан қисынсыз қысқартулар мен сайқы мазақтар кімге қажет? Бұл қисынсыз масқараның шегі бар ма?

Басқару жүйесі мен жауапкершілік шарларын дұрыс жолға қоямыз десек, ең бірінші аудандағы бөлімдердің есептік шараларын орталықтандырып, аудан әкімдігіне шоғырландыру қажет те, бөлімдерді аудан әкімдігі қарамағындағы бөлім есебінде, аудан әкімдіктеріне қайта тіркеу керек. Себебі, әр сала өз жұмысымен айналысуы қажет. Оларға дербес бухгалтерия ұстаудың еш бір қисыны жоқ. Сонан соң, жұмыс ауыртпалықтары мен бөлімдерде атқарылатын қызметтерге орай, олардың штаттық бірліктерін қайта дұрыс жолға қоймайынша, жұмыстың да мәні болмайды.

Барлық тендер өткізу, объектілерді қабылдау аудан әкімдігінің жауапкершілігінде болуы тиіс. Орындаушыларға тапсырма беруші де, қабылдаушы да аудан әкімдігі болса ғана ешкім қыспалыққа ұшырап, қылмысқа итермеленбейді. Объектілердің сапалы қабылдануы да аудан әкімдіктерінің тікелей жауапкершілігінде болуы тиіс.

Сұрастырып отырсақ, бүгінгі салалық мамандардың айтуларына қарағанда, күніне жоқ дегенде 2 мен 4 шамасы аралығында, шұғыл, өте шұғыл, жедел деген тапсырмалар ағылып келетін көрінеді. Ондай шұғыл шаруадан қандай сапа күтуге болады? Ақпарттар мен есептердің нақтыланған кестесі қайда? Жоғарғы жақты кім қуғынға салып жатыр? Ел нендей сағымды қуып жүр?

2030-шы жылды шайымға келтірмедік. 2050-ді жедел аяқтап тастап, айға ұшқалы жатқан жоқпыз ба?

Бізде салиқалы басқару жүйесі жоқ. Аймақтық даму Министрлігі деген кімге қажет? Экономика Министрлігі құмалақ салушы мекемеге айналды. Сондықтан экономика экономикамен, бюджеттің кіріс бөлігімен қаржы Министрлігі, жергілікті жердегі қаржы басқармалары мен бөлімдері неге нақты айналыспасқа?

Аймақтық даму Министрлігінің орнына неге ішкі және сыртқы сауда Министрлігін ашпасқа? Жабайы нарыққа кім шек қойып, дұрыс жолға салмақшы? Дүниежүзілік сауда ұйымына мынадай басқару жүйесі мен қоса жабайы тіршілікпен кірмегімізге жол болсын? Елден, елдің тіршілігінен дербес билік құрудан біз не таптық? Дүниежүзілік сауда ұйымына бұл жалғанда кіруге дайынбыз ба?

Жалпы, біз кімбіз?

Abai.kz

0 пікір