Сәрсенбі, 23 Қазан 2019
Жаңалықтар 1413 0 пікір 27 Қараша, 2013 сағат 10:19

Біз енді қалалықтармыз!

Өткен жыл Атырау облысы Мақат ауданы Байшонас пен Ескене ауылдарының тұрғындары үшін есте қаларлықтай жыл болды. Олар облыс орталығына көшу арқылы тұрғылықты жерлерін ауыстырды. Осындай жолмен, тұрғындарды болашағы жоқ елді мекендерден көшіру науқаны аяқталды. Жақсы жабдықталған пәтерлері бар үйлер жергілікті атқарушы органдардың күшімен салынды, ал, негізгі ақшалай қаражатты әкімшілік «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ-нан алды. Әсіресе, жаңа пәтерге көшкендеріне жастар қуанышты, себебі, олар енді өздерін «қалалықпыз» деп мақтанышпен айта алады.

Атырау облысының болашағы жоқ ауылдарынан тұрғындарды жаппай көшіру науқаны 2009 жылы бастау алған. Алғашқы болып тізімге үш ауыл- Мақат ауданының Комсомольск, Қошқар және Бек-Бике ауылдары кірді. Осы ауылдардан кейін, Байшонас пен Ескене ауылдарын көшіру жоспарланды.

Перспективалы елді мекендердің ары қарай дамуға деген ешқандай мүмкіншіліктің болмай, «депрессивті» деңгейге жетуіне себепкер болған: мұнай өндіру көлемінің төмендеуі, пайдасыздық немесе осы жерде орналасқан кен орындарының толық өңделіп, балама өндірістің болмауы. Нәтижесінде, бұл жағдай ауылдардың құлдырауы мен жұмыссыздыққа әкеп соқты.

Жергілікті инфрақұрылымдарға, жолдарға, су құбырларына, газбен қамту жұмыстарына да осы жерде жұмыс істейтін мұнай-газ өндіру компаниясы жауап берген болатын. Бірақ, бұл жердің жабылуымен, барлығы жергілікті атқарушы билікке тапсырылды. Ал, бұндай «жүкті» әкімшіліктер «көтере алмады».

Бұл жағдайлардан басқа, мұнда қолайсыз экологиялық жағдай да қалыптасты. Себебі, мұндағы ескі ұңғымалар өткен ғасырдың 40-жылдарында, айтарлықтай экологиялық нормалар болмаған кезде ғана өңделген еді.

Соңғы жылдары бұл ауылдарда таза ауыз су мен газ болмай қалды. Әлеуметтік объектілер қызмет істеулерін тоқтатты: емханалар, бала бақшалар, мектептер. Бұл жерде, ғаламтор түгіл, тіпті, ұялы байланыс та болмады.

Шалғайдағы ауылдарды аудан орталығымен байланыстыратын жолдар тозған. Тіпті, төтенше жағдай мен жедел жәрдем қызметтеріне де уақытында келуге мүмкіншілік болмады. Жағдай өте қиын болды. Сондықтан да, Үкімет пен Парламентте тұрғындарды біршама қолайлы елді мекендерге көшіру жұмысы жоғары деңгейде қарастырыла бастады. Сол кезде-ақ, «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ халықты көшіру жұмыстары шығындарының негізгі бөлігін өз мойындарына алуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Бұндай шешім түсінікті, өйткені, осы ауылдардың тұрғындарының басым бөлігі мұнайшылар мен олардың отбасының мүшелері еді. Бұл, Қазақстандағы жетекші мұнай-газ өндіру компаниясының әлеуметтік жауапкершілік жобасы іспеттес.

Атырау қаласына тек мұнайшылар ғана емес, ауылдың барлық тұрғындары көшірілді. Мысалы, жаңа салынған пәтерге көшкеніне Назымова Бахытжан өте қуанышты. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген педагогы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі. Қазір зейнет жасында.

- Менің балаларымның бәрі өсіп, жан-жаққа тарап кеткен. Күйеуім қайтыс болған,-дейді Бахытжан Тәжмағамбетқызы. Байшонаста өзімнің үйім болған, бірақ жалғыз өзіме өмір сүруге қиын болды. Шаруашылықты алып жүретін күшім болмады. Қазір су тасып, пеш жағатын жаста емеспін. Ал, мұнда бәрі бар, ванна да бар, ыстық су мен суық су да бар. Ас үйде газ плитасы бар. Енді менің үйіме бұрынғы оқушыларым жиі-жиі келетін болды, мен ылғи да оларды қуанып қарсы аламын. Үйдің іші кең.

Егер жергілікті тұрғындардың аға өкілдері, зейнеткерлер өздерінің туған үйлерінен өкінішпен, қимастықпен көшсе, жастар осы күнді асыға күтті.

Байшонас пен Ескене ауылдарының бұрынғы тұрғындарына арналып бес қабатты үйлерден тұратын шағын аудан салынды. Мұнда, шынымен де, барлығының бір-бірін танитыны бірден білініп тұрады. Кезіндегі ауылдастар, көршілер, ал қазір қалалықтар.

Қазір автокөлікті қоятын орындар, балалар алаңдары, спорт алаңдары мен дүкендер салу, ауланы көркейтуге байланысты сұрақтар қарастырылуда. Атырау қаласының әкімдігі уақыт өткен сайын бәрі жүзеге асырылатынына уәде етеді. Әзірге, жаңа үйлердің астыңғы қабаттары бос тұр. Болашақта мұнда балабақшалар немесе шағын-орталықтар, уақыт өткізу орталықтары ашылуы әбден мүмкін.
Тағы да айта кететін жайт, «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ мен оның бөлімшелері болашағы жоқ ауылдардың тұрғындары үшін салынатын үйлердің құрылысын қаржыландыруға қатысумен қатар, тұрғындардың көшуі кезінде транспортпен қамтамасыз етті. Қысқасы, тұрғындар көшу барысында ешқандай қаржылық шығынға батқан емес.

Бүгінгі таңда, Байшонас пен Ескене ауылдарының бұрынғы тұрғындары жаңа пәтерлерге бірте-бірте қоныстанып, балалары қала мектептерінде оқып, егде адамдар емханаларға барып денсаулықтарын жақсартуда. Қаладағы тұрмыс бір қалыпқа түсті.

Суреттерге сипаттама:
№1. Байшонастан көшіп келген тұрғындардың жаңа үйлері
№2. Кең ас үйлерде тамақ пісіру бір ғанибет.
№3. Енді әркімнің өз бөлмесі бар.
№4. Біз енді қалалықтармыз!

0 пікір