Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019
Жаңалықтар 2526 0 пікір 31 Шілде, 2013 сағат 10:49

Фин-угор текті екен

Ресейлік ғалымдардың орыс халқының генқоры турасындағы соңғы зерттемесі олардың «шығыс славян» болғандығы жөніндегі тұжырымның тас-талқанын шығарды. Соның ішінде, «одақтас мемлекет» болуды тықпалап, орыс пен беларустар – бір халық дегендердің уәждері мүлдем шындыққа жанаспайтын болып шықты. Беларустар орысқа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын өгей тектен тараған – олар поляктар мен чех,словактарға туыс болып шықты.  Ал, Финлі еліндегі финдер орыстарға қан жағынан беларустардан әлдеқайда туыс екен.

«Ресей ғалымдары орыс халқының генқоры туралы ауқымды түрдегі зерттемесін бітіріп, оны жариялауға  дайындап жатыр. Бұл нәтижелерді жариялау Ресей үшін де, әлемдік құрылым үшін де адам күтпес  жайттарға апаруы мүмкін» – осы тақырыпқа арналған «Власть» журналындағы жарияланым осындай сөздермен басталады. Сенсация шынында да қайран қалдырарлық – орыс ұлты туралы миф түбірімен өтірік болып шықты. Онымен қоймай, орыстар гендік жағынан ешқандай «шығыс славян» емес, финдер екен.

Ресейлік ғалымдардың орыс халқының генқоры турасындағы соңғы зерттемесі олардың «шығыс славян» болғандығы жөніндегі тұжырымның тас-талқанын шығарды. Соның ішінде, «одақтас мемлекет» болуды тықпалап, орыс пен беларустар – бір халық дегендердің уәждері мүлдем шындыққа жанаспайтын болып шықты. Беларустар орысқа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын өгей тектен тараған – олар поляктар мен чех,словактарға туыс болып шықты.  Ал, Финлі еліндегі финдер орыстарға қан жағынан беларустардан әлдеқайда туыс екен.

«Ресей ғалымдары орыс халқының генқоры туралы ауқымды түрдегі зерттемесін бітіріп, оны жариялауға  дайындап жатыр. Бұл нәтижелерді жариялау Ресей үшін де, әлемдік құрылым үшін де адам күтпес  жайттарға апаруы мүмкін» – осы тақырыпқа арналған «Власть» журналындағы жарияланым осындай сөздермен басталады. Сенсация шынында да қайран қалдырарлық – орыс ұлты туралы миф түбірімен өтірік болып шықты. Онымен қоймай, орыстар гендік жағынан ешқандай «шығыс славян» емес, финдер екен.

Осылайша, беларустар мен орыстар мүлдем жат жұрттар болып шықты. Ғасырлар бойғы «орыс пен беларус бір туған» деген насихаттың тамыры тәрк етілетін түрі бар. Өйткені, гендік зерттеу нәтижесі басқа жайтқа бас бұрғызуда: гендік тұрғыдан орыстар – «шығыс славяны» емес, финтекті. Беларустар да гендік жағынан «шығыс славяны» емес... батыс славян екен. Бұған қоса, беларустар қаны орыстарға жақын емес, поляктардан аумайды! Яғни беларустар мен поляктар генетикалық егіз халық болып шықты. Сөйтіп «шығыс славян» халқы тарихта атымен болмаған, оны патшалы Ресей идеологиясы украиндарды, орыстардың өзін құлдандыру үшін ойдан шығарыпты!

Орыстар - финтекті халық

Антропологтар соңғы ондаған жылдар бойы орыс адамының ортақ әлпетін анықтауға жұмыстанды. Ақырында ол орташа дене бітімді, орта бойлы, ашық қоңыр терілі, көзі – сұрғылт не көгілдір болып келетін тұрпат екен.  Жолайы зерттеу барысында украиндардың да орташа тұрпаты анықталған: эталондық украин орыстан терісінің түсімен, шашы және көзі мүлдем басқа болып шыққандығымен жат екен: «нағыз» украин қараторы келген, бет-жүзі  тартымды, қой көзді.

Адам генетикасы Батыста ондаған жылдан аса уақыт бойы этностық тақырыпқа ойысса, Ресейде ол 90-жылдардың ортасынан ғана патша мүрдесін зерттеуден бастау алды. Бұған арнайы түрде Ресейдің іргелі зерттемелер қоры Ресейдің медицина академиясына қарасты Медицина-генетикалық орталығының Адамның көбею генетикасы зертханасына грант беріп, тапсырыс жасаған.  

Ресейдің бас ұлтын (орыстарды айтады. - ред) Молекулярлық-гендік зерттеу нәтижесін “Русский генофонд” атауымен жариялауды қолға алуда. Бұл жыл соңында “Луч” баспасынан жарық көрмек.

«Власть» журналы осы зерттеме дерегінен мәлімет келтіріп отыр. Сонымен, орыстар – ешқандай «шығыс славян» емес, финдер. Сөйтіп, «шығыс славян» тобын құрайды деген орыс, украин, беларус жұрттарының тұтастығы тас-талқан болды.  Бұлардың ішіндегі таза славяны – беларустар, оның өзінде де бұл халық «батыс славян» болып шықты және олар поляктармен бір халық екен. Сөйтіп, «орыс, беларус бір туған» мифі ғылыми жағынан күйреді,  бірақ беларустар орыстардан қаншалықты алыс болса, соншалықты поляктар мен чех, словактарға туыс. Ендеше славяндардың таралу географиясы Беларуссиямен шектеледі деген сөз.

Ал, керісінше, финдер мен эстондарға дөң-айбат жасап келген ресейлік бас ұлт солардың қандасы екен.  Сөйтіп, орыстардың славяндық тегіне генші ғалымдар бадырайған нүкте қойды. Бұған қоса, орыс тілінің де толық славян тілі екендігіне күмән қоса туылатын болды. Өйткені, оның 60-70 % лексикасы славяндық емес сөздер екені мәлім.

Митохондриалдық ДНК сараптау нәтижесі одан әрі орыстарға финдерден кейінгі туыс татарлар екенін айғақтады: татар мен орыстың генетикалық алшақтығы 30 шартты бірлікпен финдерден алшақтау екенін көрсетті.

Бұдан да кем емес селтеткізер жаңалық: шығыс Украина жұрты орыстар мен фин-угорларға жақын екен – шығыстағы украиндар орыс, коми, мордва, марий жұрттарымен туыстас.  Бұлардың бәрі біртұтас фин халқы болып табылады, ортақ фин тілінде сөйлеген. Ал енді батыс украиндықтар үшін жағдай тіпті күтпеген жайтты көрсетті.  Бұлар – тіпті де славяндар емес, ресейлік «орысфиндер» де емес, тіпті басқа жұрт: Льбовтағы украиндар мен татарлардың генетикалық арасы бар болғаны - 10 бірлік!

Батыс украиндардың татарлармен туыстығы олардың ежелгі Киев Русіндегі сарматтекті тұрғындар болғандығын дәлелдейді. Әрине, батыс укариндардың славяндық болмашы құрамы бар,  бірақ ол орыстарға емес, нағыз славяндарға жуық. Бірақ олар бәрібір славян емес, сарматтар. Антропологиялық жағынан оларға  атжақты келбет, қоңыр шаш, қой көз тән.

Журнал бұл деректерді Ресей саясаты тағы да қолға алуы мүмкіндігін жазады.

 «Славян-орыс» мифін не істеу керек?

Ресей стратегтері бұл жайды ескере келіп, таяқтың екі ұшы барын ескертеді: орыстардың славяндығынан бас тартылса, онда славян әлемінен саяси тұрғыдан бас тартуға тура келеді.

«Власть» журналы бұған қоса «таза қанды орыс» (яғни финдік аумақты) ареалын жариялапты. Бұл географиялық жағынан «Иван Грозный кезіндегі Руспен» сәйкеседі екен және кейбір мемлекеттік шекараның шартты түрде болғандығын көрсетеді деп жазады. Атап айтқанда: Брянск, Курск және Смоленск тұрғындары орыс (яғни фин) емес, гендеріне қарағанда  белорус-поляктар болып шыққан. Қызығы сол, тарихи жағынан да Ұлы Литва княздығы (ҰЛК) мен Московия арасындағы  шекара славяндар мен финдердің арасынан өткендігі белгілі (сол бойынша, Ебропаның шығыс шекарасы өткен).

Московия-Ресей империализмі одан әрі көршілес этностарға басқын жасап, олардың жерін қаратқаны осыдан  тағы да көрініп тұр.

 

Рус деген немене?

Бұл жаңа ашылым Ресей ғалымдарын ортағасырлық Московияға және оның «Рус» тұжырымына түбірімен қайта қарауға мәжбүр етпек. «Рус көрпесін өзіне қарай тартқылау»  мәселесі таза этникалық, генетикалық жағдай болып шықты. Ресей тарихшыларының «Қасиетті Рус» аталатын тұжырымы Орда құрамындағы Мәскеу қасиетін арттырудан шыққандығын кезінде  Лев Гумилев өзінің  «От Руси до России» еңбегінде жариялаған-ды,сол себепті украиндар мен беларустар рустық болудан қалып, Руске кірмей қалған.

Сөйтіп, екі бірдей Рустың болғандығы айқын. Біреуі, батыстық, ҰЛК мен Русқа бірігіп, алаңсыз өмір сүрген славяндар. Екіншісі, бас Рус -  Шығыстық Рус (нақтырағы Московия – оны ол кезде Руске жатқызбаған және олай есептемеген) – 300 жыл бойы этникалық жақын Ордаға қосылып, оның билігін басып алып, өзін Новгород пен Псков аумағында Орда-Ресейді жаулап алғанға дейін-ақ «Ресей» еткен. Осы екінші Рус – финдік Русты – ресейлік тарихшылар «Қасиетті Рус» атап келген, сөйтіп, Батыс Русты бұлай атаудан қағыс қалдырған – тіпті, Киевтік Рус халқын «рустық» емес, «окраиндық» атауға мәжбүр еткен. Мағынасы аян: бұдан әрі финдік рус – нағыз славяндық руспен ортақ ештеңесі қалмайды.

ҰЛК мен Московияның көпғасырлық тарихи тартысы – екі түрлі этностың тартысы болып шықты: ҰЛК славяндарды біріктірсе, ал Московия – финдердің ортасы еді. Ақырында, бірнеше ғасыр бойы екі Рус – славяндық ҰЛК мен финдік Московия тартысып келген.

Бұл дегеніміз – Московия ЕШҚАШАН да Орда құрамында болған кездері Руске оралуды, татарлардан (түркілерден) азаттық алуды, ҰЛК құрамына енуді тілемеген. Ал, Новгородты басып алу себебі, Новгородтың ҰЛК құрамына енуге келіссөз жүргізуімен байланысты болып шығады. Мәскеудің бұл русофобиясы  мен «мазохизмі» ежелгі Руспен айырмасының зор екендігі және оның этностық жағынан Орда халықтарына туыстығынан келіп шығады.

Славяндармен осындай генетикалық айырма кесірінен Мәскеу ебропалық өмір салтын жаратпаған, ҰЛК-ге және поляктарға – славяндарға кектене қараған, ал, Шығыс пен  азиялық дәстүрге салыстырмалы түрде құрметпен қараған. Ресейлік ғалымдардың бұл зерттемелері тарихшылардың өз тұжырымдарын қайта қарауға міндеттейді. Соның ішінде бір емес, екі Рустың болғандығы да тарихқа енгізілуі керек.

«Власть» журналы мынадай қорытынды шығарды: «Ресейлік ғалымдар орыс халқының генқорын алғаш рет ауқымды түрде зерттеуді аяқтады әрі оны жария етуге әзірлеуде. Нәтижені жария ету Ресей үшін де, әлемдік құрылым үшін де болжап болмайтын салдарға әкелуі мүмкін».

Дереккөзі: www.glavpost.com.ua

http://sp-analytic.ru/inews/2343-rossiyskie-genetiki-zayavlyayut-chto-russkie-ne-slavyane.html

Abai.kz

0 пікір