Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3428 0 пікір 25 Шілде, 2013 сағат 10:30

Шәріпхан Қайсар. Байқоңыр: бауырсыз малдар мен безбүйрек шенділер

Зымырантасығыштың сәтсіз ұшырымы 1993 жылы 27 мамырда алғаш рет протон отынды «ұшпағыр» зымыран жерге құлаған. Бұның алтауы қазақ жерінде жарылыпты. Бұлар ел біліп, әйгілі болғандары ғана...

Ресейлік протонның кеселін жамап-жасқаған Қазақстан Республикасы «Қазғарыш» ұлттық агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев былай деді:

«Зымыраннан келер зауал жоқ. Себебі, жарылыстан пайда болған бұлтты жаңбыр басып кетті... Сондықтан, бұлт қалдықтары елді мекендерге көп мөлшерде жетпеуі де мүмкін».

Бұған қоғамдық бас экологымыз Мэлс Елеусізов бас изеді. Оның пікірінше, «Протон» жерге түскенге дейін жарылып, бар отын әуеде жанып бітіпті. Небәрі  10 секунд ішінде тонналаған гептилдің жанып үлгеруін мақаулар ғана миға сыйғызбаса, біз сенбедік. Енді сол Мәкеңнің мына сөзіне қараңыз: «Гептилдің бір грамы 1 шақырым куб аумақты уландырады».

Топырақтағы гептилдің кесірі жойылу үшін 34 жыл керек. Ал 1957-2003 жылдар арасында ауаға 2 мың тонна гептил жайылған, 3 мың тоннасы жерге сіңген.

 Мамандардың айтуынша, «Протон» экологияға аса қауiптi отынның 50-60 пайызын ғана жағып, қалғанын жерге төгедi екен. Құрамындағы күміс иондары да ашық ауаға түскен бетте бұлтты лезде қоюлатып жіберетін көрінеді. Соның кесірінен түрлі  құбылыстар көріне бастауда. Ұшырым болған күндері қар аралас бұршақ, жаңбыр жауу қалыпты жағдай болған.

Климатолог мамандар Арқаның суығы неге жұмсарғанын білмей дал болуда, ал оңтүстіктің ыстығы суи бастады... Бірқатары мұны «Протоннан» көріп отыр. Мәселе бұрын Ақмоланың үстімен ұшып өтетін зымыранның әуежолын өзгертіп, оңтүстікке бұрғандығы да белгілі. Енді түстік қысы Арқаның суығына жуықтап келеді.

Гептилді емес, зымыран қалдықтары «ой, бауырымдап» құлайтын Қарағанды облысының Ұлытау ауданында халықтың орташа өмір сүру жасы 55-ке дейін төмендеген көрінеді. Бала өлімі бойынша да бұл өңірде  әрбір туған 1000 нәрестенің шетінеуі ел бойынша көрсеткіштен 22 –ге артық. Мал шаруашылығымен айналысатын адамдар ауруға көп шалдығуда. Ұлытаулық қартайған жандардың зейнетке ілігуі мұң болуда – ерте көз жұмады.

 Қызылорда облысының бірқатар аудандары да «жалқау» зымырандар  кесірінен зардап шегуде. Қармақшы ауданында  мал ауруы, дұрыс жетілмеген балалармен бірге   жылдан-жылға кеміс сәбилер көбеюде.

 Қармақшы ауданы Т. Көмекбаев ауылында беймәлім мал ауруы көбейген. Малмен ғана күнелтетін бұл өңірдің төрт түлігі де қырылу қаупі бар дегенді айтуда тұрғындар. Әзірге ол ауылға кешенді зерттеу жасалған емес. Әуелі сиырлардың аузынан көбік ағып ауырады да, содан тұрмайтын көрінеді. Демек, кесел шөптен келуде. Жергілікті мал дәрігерлері қой-ешкіні сойғанда бауыр таппай қайран қалуда. Ендеше, малда мутация басталды деген сөз.

Шамасы, осының бәрін бүркеуге облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың ары жібермесе керек, ол соңғы үкімет отырысында мәселені шет жағалап болса да айтып салуға мәжбүр болды. Тиісті салаға жауаптылар тарақандай тырқырап, бірі (Нұрлан Қаппаров) айлаққа бет алды, бірі (В.К.Божко) ақталуға кірісті. Бірақ одан даласы қансыраған, жаны сыздап, малсыраған Қазақ ұпайының түгенделмесі белгілі.

Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетовтың сөзіне қарағанда, 9-шілдеден бері Ресейлік мамандар апат аймағының топырағын өңдеп жатыр. Қазірге дейін 500 шаршы метрден аса аумақ өңделді. Негізінен екі елден жасақталған мамандар екі тарапқа бөлініп жұмыс істеп жатыр. Бірі - апаттың неден болғанын зерттесе, екіншісі - салдарын жоюға кіріскен...

Мәселе басы ашық күйінде тұр. Оны шынайы түрде зерттеу мен зерделеуден билік қашқақтап отыр. Дәлірегі, Кремілден қаймығып, Ресей саясаты үшін халық саулығы құрбан етілуде. Былтыр Байқоңыр мәселесін ашық қойып, тыпырлаған Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаевты ресейлік айлақ жалдаушылар осал жерінен ұстап басқаша тыпырлатып отырғаны байқалады.

Ал, ойына келгенін істеген Ресей тым-тырыс, «тойысты», келесі «Протонды» ұшыруға кірісті.

Abai.kz

0 пікір