Жұма, 18 Қазан 2019
Жаңалықтар 1257 0 пікір 30 Қараша, 2012 сағат 08:21

Мақтана көрсететін қандай инновациялық жаңалығымыз бар?

Әміржан ҚОСАНОВ, саясаткер

EXPO-2017 ТУРАЛЫ. Әрине, еліміз жүзден жүйрік боп, осынау беделді бәйгеден озып шыққанына қуануымыз керек. Қуанайық! Бірақ осы қуанышты сезімге кәдуілгі күдіктің қосылатыны да құпия емес. Ол күмән мынадай сұрақтарға саяды:

Біріншіден, кез келген көрмеде елдің экономикасының, ғылыми-техникалық саласының әлем назарына ілігуге лайық озық үлгілері көрсетілуі тиіс қой. Біз немізді көрсетеміз? Мұнай мұнаралары мен құбырларды ма? Әлде алюминий «чушкаларын» ба? Әлде кешегі зауыт пен фабрикалар ғимараттарының орнын басқан сауда орталықтарын ба? Дүниежүзіне: «Мынау қазақстандық бренд!» деп мақтана көрсететін қандай инновациялық жаңалығымыз бар?

Екіншіден, ЭКСПО-ны... ОБСЕ-ге айналдырып, екінші рет қателесудің керегі жоқ. Кейбір шенеуніктер айтып жатқандай, «бұл бүкіл әлемнің Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жолын қолдауы!», - деп таза инфрақұрылымдық мәселені орынсыз саясиландыру дұрыс емес! ЭКСПО секілді дүние елдің демократиялық дамуы, адам құқықтары мен бостандықтарының орындалу жағдайына үш қайнаса сорпасы қосылмайды.

Үшіншіден, біздің жемқорлық жайлаған елге өте-мөте көкейкесті: ресми деректер бойынша ЭКСПО-ны өткізуге 1,5 миллиард доллардай қаржы қажет екен. Ол қаржы қайдан келеді? Тағы да мемлекеттің онсыз да азайып бара жатқан қаржысын жұмсап, зейнеткерлер мен бюджет қызметкерлерін тағы да алалаймыз ба? Бизнес көмектессе, ол қандай шарттар негізінде өз қалтасынан ақша шығармақ? Ең бастысы - сол қыруар қаржының жұмсалуын кім, қалай қадағалайды? Тағы да тістегеннің аузында кете ме? Қазіргі «откат» мөлшері 30 пайыз екенін ескерсек, ол жарты миллиард доллар ғой!

Төртіншіден, осы көрме бізге, Қазақстан экономикасына нақты не береді? 1,5 миллиард жұмсасақ, табар нақты пайдамыз қандай?

Әзірше бір нәрсе айқын көрініп отыр: ЭКСПО өткізу мүмкіндігін біздің билік өзінің саяси пиары ретінде пайдалана бастады. Барлық ресми БАҚ-тар жер астынан ЭКСПО-ны емес, жеті қоян тапқандай, бөрігін аспанға лақтырып, осының бәрін елде қалыптасқан қоғамдық-саяси жүйені ақтау мақсатында насихат жүргізе бастады. Және де осы науқан 2017 жылға дейін созылатын сыңайы бар.

ЭКСПО-2017-ні билік «халықаралық деңгейдегі орасан жетістік», «елдің сыртқы аренадағы танымалдығының символы» деп алақайлап жатыр. Мен бір ғана сұрақ қоямын, ағайын: «өткен жылдары ЭКСПО қай елде өткенін және келесі жылы қайда өтетінін сіздер білесіздер ме?»
(Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан)

"Ұлт Таймс" газеті

0 пікір