Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3547 0 пікір 9 Тамыз, 2012 сағат 07:59

Жұмамұрат Шәмші. Қара қытай қаптаса...

 

Жуырда Қытайдың интернет сайттарында алдағы 20 жылда Қазақстанда 20 миллион ханзу мекендейтін болады деген қорқынышты мәлімет жарияланды.

Б. д.д. III-II-ғасырда 100 миллион ханзу жұртына қорған салдырған 1миллион ғұн бабаларымыздың даңқты рухымен қазіргі таңда 1 миллиард 365 миллион алапат су тасқындай қара қытайға қарсы тұруымыз мүмкін емес.

Шартарапқа ат шаптырған түркі баласы  қағанатқа бөліп, қоныс тепкен Орталық Азия ХI-ғасырдың аяғында керегесі сөгіліп, ту-талақай бөліске түсті. Содан соң-ақ, Орталық Азияны солтүстіктен келген Ресей әй-шәйға қарамай, қырып-жойып, тұтастай өзіне қаратып алды. Оңтүстікте Үндістанды жаулаған ағылшындарды Термез қаласына жеткенше тоқтататын тегеурінді күш болмады. Парсы жұртына ағылшындардың тісі батпады, дегенін істете алмады.

 

Жуырда Қытайдың интернет сайттарында алдағы 20 жылда Қазақстанда 20 миллион ханзу мекендейтін болады деген қорқынышты мәлімет жарияланды.

Б. д.д. III-II-ғасырда 100 миллион ханзу жұртына қорған салдырған 1миллион ғұн бабаларымыздың даңқты рухымен қазіргі таңда 1 миллиард 365 миллион алапат су тасқындай қара қытайға қарсы тұруымыз мүмкін емес.

Шартарапқа ат шаптырған түркі баласы  қағанатқа бөліп, қоныс тепкен Орталық Азия ХI-ғасырдың аяғында керегесі сөгіліп, ту-талақай бөліске түсті. Содан соң-ақ, Орталық Азияны солтүстіктен келген Ресей әй-шәйға қарамай, қырып-жойып, тұтастай өзіне қаратып алды. Оңтүстікте Үндістанды жаулаған ағылшындарды Термез қаласына жеткенше тоқтататын тегеурінді күш болмады. Парсы жұртына ағылшындардың тісі батпады, дегенін істете алмады.

Жартылай отарға айналған Қытай да құр жатпады, Петербург келісімі бойынша, Шығыс Түркістанды қарпып қалды. Оған Шыңжанның Іле, Алтай таулары жатады. 751 жылы әйгілі Атлах шайқасында түркі-араб біріккен күшінен күйрей жеңілген қара қытайдың, бірнеше жүздеген жылдар бойы Орталық Азияға қарай беттеуге жүрегі дауаламап еді. Қытайға 5650 шақырым қорған салдырған күш - бабалардың қажымас батырлығының айғағы. Тарихта талай тар жол тайғақ кешкен түркінің ұрпағы қазақтар шөкелеп жығылса да, тірсегі қиылмаған. Еңсесін тіктеген бүгінгі Қазақ жері Атырау мен Алтайдың арасы, баяғы үлкен Түрік қағанатының бір бөлігі - ат сауырынан қан кешкен бабалар аманаты. Сондықтан жан-жақтан қаумалаған АҚШ, Ресей мен Қытайдан шегінерге жол жоқ. 1980-90 жылдары әлеуметтік ауыртпалықтарды бастан өткізген Қытай енді геостратегиялық даму жолын таңдап алды.

Әуелі шекарасын кеңітіп, етек-жеңін жапты. Ағылшындардан 100 жылға жалға берген Гонконгты қайтарып алды, 1998 жылы Алынды қосып алды. Даулы территориялар мәселесі бойынша, Ресей 1992 жылы Амур мен Уссури аймағындағы 600-ге жуық кішігірім аралды және 10 шаршы шақырым жерді Қытайға беру туралы келісім шартқа қол қойды. 1995 жылы Гримфильдегі шекараны анықтауда Ресей 1,5 гектар жерінен айырылып қалды. Тек баяғы гоминданшылардың ақсүйек ұрпағы қоныс тепкен Тайвань аралы ғана бой бермей қойды. Бірақ, болашақта оны бәрібір  Қытай жұтып жіберуі күмәнсіз.

Ұйқысынан оянған айдаһардың араны үлкен. Көршілеріне енді бұрынғыдай ысылдап емес, ысқырып жақындай түспек. 2002 жылы Шанхайда басылып шыққан 8-сынып оқулығы бойынша, Қазақстанның 510 мың шаршы шақырым аумағын Қытайдың жері  деп оқытудың ар жағында нені меңзейтіні көрініп тұр. Діни экстримизм, лаңкестік және ұлтшылдықтың өрістеу қаупін алға тартқан Қытай 1996 жылы «Шанхай бестігін» құру жөнінде ұсыныс жасады. 2001 жылы маусым айында Шанхай Ынтымастық ұйымы құрылды. Ұйымның басты мақсаты - өзара сенім, достық, бейбітшілік, тату көршілік қатынастарды қолдау, аймақтардағы қауіпсіздікті сақтау болып табылады. ШЫҰ арқылы Қытай өзінің біртұтастығын, Тайвань оның құрамы екенін толық мойындатты. Қытайдың АҚШ пен Ресейден айырмашылығы - еңбек миграциясы, сауда-саттық, жылжымайтын мүлік, мейрамхана экспанциясы арқылы кез келген елдің нарығын жаулап алады және тізе бүктіруге шамасы жетеді.

Қытай капиталы кішкентай Қырғызстанда 500-ден аса жобаны қаржыландырып отыр. 2010 жылы еліміз 81 млн тонна мұнай өндірді. Қазақстандағы «Ақтөбемұнайгаз», «Петро-Қазақстан» мұнай компанияларының акция пакеттері Қытай ұлттық мұнай компаниясының уысында екенін ескерсек, геосаяси ойында ұтылып қалмауға ұмтылған жөн. Өйткені, Қазақстан неғұрлым мол мұнай өндірген сайын Қытайдың қорегі де соғұрлым қыза бермек және бармақ тістеп қалуымыз әбден мүмкін. Басқаны былай қойғанда, қазірдің өзінде АҚШ пен Еуропаның нарығын Қытайдың арзан тауарлары жаулап алды.

Әлемнің 500-ден астам трансұлттық компаниясы Қытайда жұмыс істейді. Сондықтан, жаһанданудың АҚШ, Еуропа секілді көшбасшылары қытайланудан қаралай қорқады. Жаһандану үрдісі әдейі қытайлануға қарсы бағытталып отырған сыңайлы. Әлемнің 174 елінде 60-100 миллион аралығында Қытайдың хуацяосы өріп жүр. «Хуацяо» дегеніміз-Жұңғо мүддесіне адал қызмет ететін, арнайы жоғары оқу орындарында дайындалған, елінің сыр-құпиясын өліп бара жатса да тіс жармайтын отаншыл қытай кәсіпкері. Әлгі хуацяолар жұмыс істеген елінде үйленіп, сол елдің азаматтығын алып тастай батып, судай сіңуге тырысады. Барған елінде өтіріктен білмегенсиді, негізінде олар сол ел туралы бүге-шүгесіне дейін өте жақсы біледі.

Одан соң ірі қалалар маңына қытай кварталдары бар. Санақ бойынша, АҚШ-та 30 млн, Канада-да 3млн, Еуропа-да 30 млн, Австралия-да 2млн-нан асып жығылатын тұрғыны бар қытайлардың кварталдары бар. Нью-Йорктің ортасынан Чайнатаун тұрғызған Қытайға АҚШ қарсылық білдіріп «тәйт» дей алмады, өйткені ақшасы төленген. Аузын айға білеген Қытай жалпы ішкі өнім көлемі жағынан 2010 жылы Ұлыбританияны, 2020 жылы Жапонияны қуып жетіп, АҚШ-пен үзеңгі қағыстырмақ. Әскери қуаты жағынан орыс көршісін басып озды, АҚШ пен Франциядан кейінгі үшінші орында. Оның экономикалық-қаржылық қуатына келсек, ол бір «жыр мен жұмбақ». «Жыр» болатыны-ол қаржылық-валюталық қоры жөнінен АҚШ пен Жапонияны өкшелеп келеді. Есті де епті қытайлар АҚШ секілді ашық басқыншылыққа бармайды. Тек экономикалық-қаржылық жағынан «жаулап алып» діңкелетеді.

Компартияда 70 миллионнан астам мүшесі бар орталықтанған Қытайдың экономиканы басқарудың жоспарлы орталықтық  және нарықтық жүйесі қатар дамып келеді. Ежелден құрт-құмырсқа, бақа-шаянды, жылан мен құсты қорек еткен ханзуымыз Сібірдің қақаған 60 С - суығын, Сахараның аптап 60 С - ыстығына да тез бейімделгіш, өзгенің ассимиляциясына түспейтін жаны сірі халық. Қайда барса да, өсіп-өніп, саны көбейіп шыға келеді.

Ресейдің Приморский крайдан сонау тайгасына дейінгі орыстың кәрі-жасымен отасып үлгерген қытайдың қарасы 800-мыңға жетіпті-мыс. Ресми деректер 30-мың, бейресми мәліметтер 300 мыңнан астам Қытай азаматының Қазақстанда өз шаруасын дөңгелетіп жүргенін алға тартады. Қытай өз экономикасын барынша дамытуға бет алды, егер халықтың сұранысын қанағаттандыра алмайтын болса, елде бүлікшілік басталып, өздері биліктен айырылып қалуы мүмкін екенін Қытайдағы әкім-қаралар өте жақсы түсінеді. Бірақ, Қытайды қинайтыны экономиканы дамыту үшін қажет табиғи шикізат көздерінің жеткіліксіздігі. Қазірдің өзінде Қытайдың ірі қалаларының үштен екісі су тапшылығын көріп отыр. Үлкен қалалардың маңайы тақыр далаларға айналуда. Егер бұған Қытайдың ауызсумен біршама қамтамасыз етіп отырған Гималай мұздақтарының соңғы кездері күрт ери бастағанын қоссақ, жақын арада Қытай таза судан көп қиындық көретін болады. Мұның соңы елде экономикалық апатқа әкеліп соқтыратыны ықтимал. Сондықтан да Қытайдың жанары дәл қазір әлемнің қай-қай бұрышына да жіті тігулі. Қандай болсын, табиғи ресурстардың шеті шықса тарпа бас салуға дайын отыр.

Сондай-ақ, таяуда Қытайдың тек тұщы суға емес, мұнайға да сұранысы күрт өсе түспек. Өйткені, елдегі шағын электр стансаларын қамтамасыз етіп отырған төмен сапалы жергілікті көмір кендерінің өзі де таусылуға таяу. Мұндай сәтте Қытай секілді сұранысы шаш етектен алып империяның «тәбетін» қанағаттандыру өте қиынға түспек. Рас, дәл бүгінде әлем елдері мұнайдан тапшылық көре қоймайды. Алайда оның бағасы бұрынғыдай тиынға бағалана қоймайтыны да шындық. Осыны ескере отырып, мұнайдың қалғанын молынан қарпып қалу, мүмкіндігі болса, қор жинау қай-қай мемлекеттің үйреншікті дағдысына айналмақ.

Әлемді шарпыған дағдарыс Қазақстан-Қытай құбырының құрылысының тоқтауына бөгет бола алған жоқ. 988 шақырымға созылатын, өткіргіш мүмкіндігі 10 миллион тоннаға дейін жеткен «Атасу-Алашаңқай» бөлігі пайдаға берілсе, үш жылдан бері Кеңқияқ-Құмкөл бөлігін пайдаланып жатыр. Құбырдың қуаты 20 тоннаға жетеді. Бұл құбырмен айналатын шикізатты да Батыс Қазақстандағы Қытай компаниялары өндіреді. Демек, Қытай Қазақстанның бүкіл жер асты байлығын сорып алатын мүмкіндікке ие. Әрі Бейжің Қазақстанның бай уран кеніштеріне де мүдделілік танытып отырғандығы байқалады. Қытай АЭС салу жөнінде мемлекеттік бағдарлама қабылдаған. Иіркөл және Семізбай кеніштерінен жылына 1250 тонна уран өндіріп жатыр.

Қытайдағы қазақтардың қоныстанған жерлері-Тәңір тауының (Тянь-Шань) солтүстігіндегі Еренқабырға, Алтай, Тарбағатайға таулары, Іле өңірі секілді аса көркем жерлер. Онда Іле, Ертіс, өзендері Қанас, Үліңгір, Сайрам көлдері бар. Жалпы Қазақ жері асқар таулармен, асау өзендерден құралған көз сүріндіретін көркем аймақ қытайларға кезінде беріп жібергеніне іштен зығырданың қайнайды.

Тез арада Қытайда қалған 2 миллионға жуық қандастарымыздың соңғы көшін Қазақстанға көшіру керек. Әйтпесе, айдаһардың араны енді бес-он жылда соңғы тұяқ қалдырмайын деп тұр. Қытай өз ішінде де, сыртта да гегемондық саясат ұстануға баяғыдан-ақ бет бұрған. Қытайдағы қазақ мектептері 2005 жылдан бастап, түгелдей қытай мектептеріне айналып, қазақ тілі пәні ретінде ғана жүретін болған. Соңғы уақытта мектептен бастап қытаймен араласып өскен қазақтың қыздары өскенде әр қытайдың етегінде ноқталы ботадай ере жөнелетін ауруға ұшырапты. Осылай,  енді 5-10 жылда қазақтар түгелімен қытайланып кетуі әбден мүмкін. Бұрын Қытайдағы қазақтардың тағдырына мемлекеттік деңгейде болысып тұрудың мүмкіндігі бар еді. Алайда тиісті басшыларымыз кезінде Қытай тарапынан қитұрқылықпен ұсынылған құжатқа қол қойып жіберген. Сол құжат бойынша, қытай мемлекеті өз қарамағындағы қазақ ұлтының өкілдерін «пісіріп жеймін» десе де, олардың ішкі саясатына Қазақстан араласа алмайды. Ал, Қытайдың ыстық құшағы шақырып тұрғанға ұқсайды. Сондықтан да күн озған сайын қытай азаматтарының елімізге ену саны ұлғайып келеді. Ел болып сақтанбасақ, ертең ханзудың құрбаны болып кете баруымыз ғажап емес. Алты басты аждаһаның өңешінен өтсең, асқазаннан бір-ақ шығарсың, мың өліп, мың тірілген қазақ содан кейін қайта тірілуі неғайбыл.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір