Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 3191 5 пікір 22 Ақпан, 2021 сағат 12:51

Тоқаев: Бұл - бүкіл еліміздің басына түскен трагедия

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласындағы қайғылы оқиғадан қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты. Бұл туралы Берік Уәли мәлімдеді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласындағы өрттің салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғысымен бөлісіп, қаза болған балалардың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтты.

Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-анасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді»,- деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, 19 ақпан күні Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатында өрт шыққан. Салдарынан  2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылы туған бес бала қайтыс болды.

Abai.kz

5 пікір