Жұма, 26 Сәуір 2024
2676 0 пікір 16 Қазан, 2020 сағат 12:38

Ресейде шұжықтан обаның вирусы табылды

Ресейде шұжықтан африкалық обаның вирусы табылды.

Воронеж облысындағы ет комбинаты шығарған шұжықтан шошқалардың африкалық оба вирусының ДНҚ-сы табылды. "Интерфакс" мәліметінше, өнім Великий Новгородтағы қоймалардың бірінде сақталған.

Қазір мұндай шұжықтың 14 килограмға жуығы жойылды. Новгород облысының ветеринария комитетіндегілер вирустың геномы адамдарға қауіпсіз, бірақ шошқаларға қауіпті - өліп кетуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Инфекция тараған нысанда 22 қазанға дейін карантин жарияланды. Ол жерде вирусты жою шаралары жүргізіліп жатыр.

Abai.kz

0 пікір