Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 3767 1 пікір 24 Ақпан, 2020 сағат 11:53

Шеруге шыққандарды қамай беру тұйықтан шығар жол емес

Шеруге шыққандарды қамай беру тұйықтан шығар жол емес (Бір кезде шерушілерді сүйрелеуге қызметкерлер жетпей қалуы мүмкін)..

Қамалатынын біле тұра сол азаматтарды шеруге сүйреп шыққан қандай күш?

Соның бәрін "Шахматшының фанаттары" санатына қоса салу - идеологтардың жауырды жаба тоқуы. Өз жұмысындағы кемшілікті өзгелерге аудара салу.

Біздің қоғамда сол "шахматшы" айтарлықтай беделге ие деп айта алмаймын..

Мәселен, мен үшін ол бар болғаны өмір бойы мемлекеттік қызметте істеп жүріп-ақ өзі мен отбасы мүшелері үшін Швейцария азаматтығын сатып аларлық ақшаға ие болған Храпуновтың құдасы..

Идеология саласында жүрген азаматтар арасында биліктің шыңында отырған адамдарға қоғамда қалыптасқан нақты жағдайды түсіндіре алатын адам жоқ секілді..

Әлде өздері білмейді..

Өмір Шыныбекұлының әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

1 пікір