Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Дидар-ғайып 3345 2 пікір 21 Қаңтар, 2020 сағат 11:45

Мәжілістің бұрынғы депутаты Камал Бұрханов қайтыс болды

ҚР Мәжілісінің бұрынғы депутаты, қоғам және мемлекет  қайраткері Камал Бұрханов қайтыс болды. Бұл туралы Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы "Facebook" желісіндегі жеке парақшасында жазды.

"Жалған өмір-ай... Ұстазым, досым, әріптесім Камал Бұрханов дүниеден озыпты. Соңғы екі жыл төсек тартып жатып калған еді. Мағрипа жеңгем колдан келгенше барлығын жасады. Амал нешік, бәрі бір жаратқанның қолында. Бақұл бол адал дос. Жаның жәннатта болғай Камал аға!" деп жазды депутат.

Бұрханов Қамал Низамұлы - 1954 жылы 31 наурызда Ташкент облысы Янгиүл ауданы Шуролисай ауылында дүниеге келген. Ташкент мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметік университетін бітірген. Саяси ғылымдарының докторы, профессор.

2007-2016 жылдар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің 4-5 шақырылымдарында депутат болды.

2004-2006 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы,

2006 -2007 жылдары - Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры қызметтерін атқарды. Камал Низамұлы оншақты ғылыми еңбектің авторы.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1752
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1723
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1446
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1368