Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2631 0 пікір 24 Тамыз, 2011 сағат 10:09

Коммунистік партиялар қазақ халқынан кешірім сұрасын!

24 тамызда Қызылорда қаласында «Ақ-Жол» партиясының төрағасы А. Перуашевтың Оңтүстік аймақтарға жұмыс сапары аясында Қызылорда облыстық бөлімшесінің облыстық конференциясы болып өтті.

Айта кету қажет,партия төрағасының Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында партияластарымен кездесу барысында «Ақ-Жол»: кешегісі, бүгіні, ертеңі» жалпыұлттық дискуссиясының басым бағыттарын айқындау жұмыстары жалғасты.

Партия мүшелері мен сарапшылар қауымдастығына келесі тақырыптарға баса назар аудару ұсынылды: «Алаш» партиясының идеологиялық ұстанымдарын бүгінгі заман талаптарына сай ұштастыру; саяси либерализм және қоғамды демократияландыру; жеке бизнестің Қазақстанның экономикалық моделіндегі ролі мен орны; әлеуметтік жаңғыртудың өзекті мәселелері; тәуелсіз елдегі ұлттық саясаттың басым бағыттары.

Қызылордадағы конференцияда осы бағыттағы пікір алмасу өз жалғасын тапты. Жергілікті «ақжолдықтар» қазақ халқының ұлттық-азаттық күресінің трагедиялық парақтарына әділ баға беру мәселесін көтерді. Нақты, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, осы көтерілістің «Алаш» партиясының идеялық платформасын қалыптастырудағы ролі, коммунистік режимнің 1920-30 жылдардағы экономикалық саясатына қарсы жаппай қарулы көтерілістер өзінің тарихи бағасын алған жоқ.

«Биыл Қазақстан тәуелсіздіктің 20 жылдығын кең көлемде атап өтуде. Барлығымыз да тәуелсіздіктің арқасында мемлекетіміздің өркендеп өсуін, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамып жатқанын мақтан тұтамыз.

Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың ауыр азаптарды бастан өткерген күресі мен тарихи дамуының заңды нәтижесі болып табылады.

Осыған байланысты мен өз әріптестерімнің қазақ ұлтының тарихындағы ұлы жеңістер мен ұмтылмас трагедияларға тарихи және саяси баға беру керек деген пікірімен толық келісемін. Осы бағытта 1916 және 1930 жылдардағы қарулы көтерілістер тарихи ақтаңдақ болып қалып отыр.

Сол кездегі азаттық қозғалыстарға әділ баға берілмейтін болса, тәуелсіздік жылдары туған ұрпақ, егеменділікті қазақ халқының ғасырларға жалғасқан күресінің нәтижесі емес, өздігінен келген тарихтың тартуы деп қабылдауы мүмкін» деді А. Перуашев.

«Қазақ ұлтына коммунистердің 1917 жылдан бастап істеген зорлық-зомбылығын тек қана «Холокост» трагедиясымен, Пол-Поттың Камбоджа халқына істеген зорлық-зомбылығымен салыстыруға болады. Сондықтан коммунистік идеологияны ұстанып отырған партиялар қазақ халқынан кешірім сұрауы қажет» деп атап өтті А. Перуашев.

Сонымен бірге Қызылордада өткен конференцияда бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер қаралды. «Ақ-Жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып 32 жастағы кәсіпкер Алмас Тұртаев сайланды

0 пікір