Жұма, 26 Сәуір 2024
9099 2 пікір 26 Қараша, 2019 сағат 16:35

"Мұзды өлке 2" фильмінің алдын ала көрсетілімі өтеді

27 қарашада Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында "Мұзды өлке 2" қар күшін басқара алатын Эльза мен кез келген жүректі елжірететін Анна - апалы-сіңлі хикаясының анимациялық фильмінің жалғасының алдын ала көрсетілімі өтеді. Бұл "Болашақ" корпоративтік қорының бастамасымен "Өзіңнен баста" жобасы аясында мемлекеттік тілде отандық кинопрокатқа шығатын 33-ші фильм болып табылады. Фильм прокатқа 28 қарашада екі тілде шығарылады.

Көрсетілім "Болашақ" корпоративтік қоры мен "Меломан" компаниясының бастамасымен "Өзіңнен баста" жобасы аясында өткізіледі. Нұр-Сұлтан қаласындағы алдын-ала көрсетілімі «Nur Otan» партиясы, ал Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен өткізеді. Фильм дубляжының демеушісі: BI Group компаниясы.

Іс-шараға "Болашақ" корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі, "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары - Бауыржан Байбек, BI Group компаниясының өкілдері, шығармашыл зиялы қауым өкілдері, блогерлер, медиа-тұлғалар, "Болашақ" қауымдастығының мүшелері және басқалар қатысады.

Нұр-Сұлтан қаласында көрсетілім: Достық көшесі 9, Keruen СОО, Kinopark 7 IMAX, №5 залында өткізіледі. Алматы қаласында көрсетілім: Әл-Фараби даңғылы, 77/8, "Esentai mall" СОО, Kinopark 11, Esentai IMAX, №6 залында өткізіледі.

Іс-шараның басталу уақыты: 18:30.

Синопсис: Анна, Эльза, Кристоф, оның адал досы-бұғы Свенмен және ешқашан мұнаймайтын аққала Олаф Эренделл патшалығынан солтүстікке саяхатқа аттанады. Бұл саяхат оларды ежелгі аңыздардың бастауына алып келеді және туған елінің өткеніне қатысты құпияны ашуға көмектеседі.

Қазақ тіліндегі трейлер:

;t=52s

Сондай – ақ, барлық қонақтарды ivi онлайн-кинотеатрынан бір айға сыйға жазылу сертификаттары күтеді.

Abai.kz

2 пікір