Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 6279 3 пікір 21 Қараша, 2019 сағат 16:15

Мансапқорлар мен жағымпаздар - қазақты құртып бітеді

Мансапқорлар – қолдарында үлкенді-кішілі мансабы барлар.
Жағымпаздар – сол мансапқорлардың төңірегін жағалағандар.
Мансапқорлар да, жағымпаздар да – негізінен оқығандардардан, қолына қалам ұстағандардан, әйтеуір бір өнерлері барлардан шығады.

Аты шулы сталиндік қанды қасап кезінде Кеңес одағындағы ұлттардың ішінде ең көп оққа байланғандары, айдалғандары есепсізі – біздің қазақ екен.
Қаптаған өтірік-шыны аралас классиктеріміз бірінің үстінен бірі арыз жазып, ұстатып, айдатып атқызғандар – сұмдығы ақын-жазушылар көрінеді.
Мына өзіміз «тәуелсіздік жылдары» деп атайтын 30 жыл ішінде шексіз жағымпазданғандар саны – сенесіздер ме, сан миллионға жетіпті!

Масқара ма, масқара!
Сұмдық па, сұмдық!

Бұлардың кім екенін қазақ жақсы біледі. Ана мансапқорлар мен жағымпаздар – сол сүмелектіктері үшін қазақ халқынан қашан кешірім сұрар екен деп басымызды босқа қатырмайық...

«Бүкірді – көр ғана түзейді» деп қазақ даналығында айтылғандай, олар сүмелектер бұл Жалғаннан сол түзелмеген күйлері кетеді.
Алдымен орысқа, соңғы жылдары қытайға отар болуға айналған маңдайының соры бес елі қазағымызды ана жер қайысқан мансапқорлар мен жағымпаздар ешқашан да қорғамайды және ұлтқа араша түспейді.
Бұл, ащы да болса, ақиқат!

Сонда не істеу керек?
Міне, сұрақтың ең үлкені осы, «қалың елім, қазағым, қайран жұртым!..»(Абай).

Жұмаш Кенебай

Abai.kz

3 пікір