Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Міне, көрдің бе? 6651 0 пікір 11 Мамыр, 2015 сағат 12:49

ЖЕҢІС КҮНІН ТОЙЛАУ МА, БАСҚА ЖАЙТТЫ ОЙЛАУ МА?

Жергілікті биліктің шектеу қойғанына қарамастан Уральскде (Орал қаласын айтады. - ред) Жеңіс күніне арналған автор шеру өтті деп жазады "Уральская неделя" газеті. Газет, әрине, әлгі шеру туралы ақпаратты қуана хабарлап, шеру барысындағы көріністі де молынан қамтып отыр. Әгәрәки дейміз ғой осындайда, дәл осыған ұқсастау рұқсат етілмеген бір жиынды жергілікті ұлт өкілдері жасасыншы, "Уральская неделя" ұлт арасындағы дауды қоздыратын әңгімеге уралап кірісер еді. Ал, мына жайтты апталық шеруші жастардың ерлігіне балап елеурейді. Әйтсе де, бірақ, аталған газет автошеруге жергілікті билік тарапынан келісім болмағанын айналып өте алмағандықтан Батыс-Қазақстан облысы ІІБ бастығы Махамбет Әбісатовтың сөзін келтіреді. Махамбет мырза қалада 300 мыңға жуық адам тұратындығын, 200 мыңнан астам көлік бар екендігін нақтылай айтып, авторшеруге шыққан 50 автокөлік өзгелердің өміріне қауіп төндіреді, мейрам күні жол қозғалысы тәртібіне қайшылық тудырады, сондықтан бұндай шеруге жол бере алмайтындығын ескертіп, шерушілердің бетін қайтарған көрінеді.

Ендігі «сөзді» қаладағы «Дина» сауда үйінің алдына жиналған топтың өзіне берейік. "Спасибо деду за победу", "На Берлин", "Помним и гордимся!", "За Сталина!", "Спасибо бабуле за меткие пули" деген жазулар жазған шерушілер төмендегідей «салтанат» құрыпты. "Жеңіс күні" деп желпінген жастардың мына әрекетінде "Жеңіс күнін" тойлау ғана емес, басқа бір шетін мәселелерді ойлау да бар сияқты. Қараңыз:   

 

Суреттер http://tengrinews.kz сайтынан алынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1446
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1293
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1048
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1101