Жексенбі, 16 Маусым 2024
Жаңалықтар 2024 0 пікір 23 Қараша, 2010 сағат 13:06

ТАО Евро-3 стандартын енгізуді 2014-ші жылға дейін шегере тұруды ұсынады

Алматы. 23 қараша. ҚазТАГ – Тәуелсіз автомобильдік одақ (ТАО) автомобильдер үшін Еуро-3 стандартын енгізуге қатысты техникалық регламентіне, оны енгізуді 2011-ші жылдан 2014-ші жылға деп өзгертуді ұсынады, деп ТАО төрағасы Эдуард Эдоков мәлім етті.

«Еуро-3 стандартын енгізу үдерісі бүгінге онша дұрыс жүргізіліп жатқан жоқ. Еуро-3-ті енгізудің басқаша тетіктерін жасау қажет... Ең алдымен МӨЗ-дерден олардың өнімдері экостандарттарға сай келетіндей болуын талап етуіміз керек. Ал автокөліктерге деген талап – ол келесі кезең. Бұл стандарттарды кем дегенде бірдей мезгілде енгізу керек», - деді ол сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Одақ басшысының айтуынша, «көлік және коммуникация министрлігінің бағдарламасына сай Еуро-3 стандарты алдымен автомобильдерге енгізілуі тиіс. Одан соң көлік министрлігінің жоспарына сай 2014-ші жылдан бастап Еуро-3 стандарты бензин шығаратын зауыттарға енгізілуі тиіс. Егер сіз Еуро-3 стандартына сай келетін автомобиліңізге төмен сапалы бензин құятын болсаңыз, құйған бензиніңіздің шығарылуын аласыз».

«Өкіншіке қарай біздің елдегі бензин сапасы өте төмен болып қалып отыр. Бүгінге, сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанда барлық отынның 30% Еуро-2 стандартына да сай келмейді», - дейді Э. Эдоков.

Еске салсақ, автомобильдер үшін Еуро-3 стандарты 2011-ші жылдан, Еуро-4 - 2014-ші жылдан бастап енгізіледі. Автомобиль отындары үшін Еуро-3 2014-ші жылдан бастап, Еуро-4 – 2016-шы жылдан бастап енгізіледі.

Бұл ретте ҚР көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов кешегі дүйсенбіде ведомство Еуро-3 экологиялық стандартын енгізудің техникалық регламентіне оны 2011-ші жылдың қаңтарынан емес, 1-ші шілдесінен деп өзгерту енгізу туралы бастама көтеріп отырғанын жеткізді.

«АҚШ пен Еуропалық одақтан 2005-ші жылдан да ерте шыққан жапон автомобильдерін Қазақстанға жеткізу жөніндегі келісімшартқа отырып қойған көптеген жеке тұлғалардың экологиялық 3-ші кезең басталатын мерзімге көліктерді жеткізіп үлгермей жатқандығы туралы өтінішін ескере отырып, ҚР көлік және коммуникация министрлігі техникалық регламентке өзгерістер енгізу бастамасын ұсынады. Ол өзгерістің негізгі тұжырымы - экологиялық 3-ші кезеңді (Еуро-3 стандартын – ҚазТАГ) енгізу мерзімін 2011-ші жылғы 1-ші шілдеге дейін шегеру болып табылады», - делінген министрдің блогындағы хабарда.

0 пікір