Жексенбі, 16 Маусым 2024
Жаңалықтар 2384 0 пікір 23 Қараша, 2010 сағат 13:06

Вагондар үшін қосалқы бөлшектер шығаратын отандық кәсіпорындар 2011 жылғы бағаларын 2010 жылдың деңгейінде белгіледі - ҚТТ

Алматы. 23 қараша. ҚазТАГ – Жүк вагондары үшін жабдықтар мен қосалқы бөлшектер шығаратын отандық кәсіпорындар 2011 жылға арналған бағаларды 2010 жылдың деңгейінде белгілеу туралы уағдаласты, делінген «Қазтеміртранс» АҚ-ның (ҚТТ) хабарламасында.

«ҚТТ жүк вагондарын жөндеу үшін қосалқы бөлшектер шығаратын отандық өндірушілермен және вагон жөндеу кәсіпорындарымен жүк вагондарын жөндеуді ұйымдастыру саласында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды», - делінген сейсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

Ақпаратқа сәйкес, құжатқа «Машзавод» ЖШС, «Format Mach Company» ЖШС, «Степногор подшипник зауыты» ЖАҚ, «Семей метиз зауыты» ЖШС және тағы басқалары қол қойды.

Меморандумның шарттарына сәйкес, тараптар 2011 жылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бағасын 2010 жылдың соңындағы баға деңгейінде сақтау шараларын қолға алады. Кез-келген өзгерістер, бағаның арзандауы немесе қымбаттауы объективті себептерді түсіндірумен мүдделі тұлғаларды алдын ала ақпараттандырған соң ғана мүмкін болады.

«Өткен жылдардағы тәжірибе көрсетіп отырғандай, шетелдік жеткізушілердің машина жасау саласының өнімдері жыл сайын орта есеппен 8-15%-ға қымбаттайды. «Қазтеміртранс» отандық компаниялармен келісімдер жасаса отырып, өзін импортқа тәуелділіктен арылтады және өзінің вагон жөндеу кәсіпорындарын белгіленген баға бойынша қажет қосалқы бөлшектердің жоспарлы және кепілдендірілген жеткізілімдерімен қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

ҚТТ вагон жөндеуге жыл сайынғы қажеттілігі 17-22 мың вагонды құрайды, ал тұтастай құйылған дөңгелектер сияқты қосалқы бөлшектерге деген жыл сайынғы сұранысы  - 20-22 мың дана.

10 айдың ішінде компания 13 мыңнан аса вагонды жөндеуден өткізді, үстіміздегі жылы жалпы 17 мың вагон жөндеу жоспарланған, оның ішінде 1747 вагон күрделі жөндеуден өткізілсе, 1167-сы қызмет ету мерзімін ұзартумен күрделі жөндеуге жатады.

Компания қозғалмалы құрам жетіспеушілігінің орнын толтыру мақсатында 2010 жылы 1,3 мың вагон сатып алуды жоспарлап отыр, оның 363 –іне «Қазақстанда жасалған» белгісі бар.

«Қазтеміртранс» АҚ – ҚР жүк вагондары паркінің ірі операторы. Компания 2003 жылы республиканың теміржол көлігін реформалау шеңберінде құрылды, «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның 100% еншілес кәсіпорны болып табылады.

Бас компанияның қозғалмалы құраммен қамтамасыз ету бойынша негізгі қызметімен қатар, ҚТТ вагондарды жөндеп, жаңартады, көліктік-экспедиторлық қызметтер көрсетумен, вагондарды операциялаумен айналысады.

0 пікір