Жексенбі, 16 Маусым 2024
Жаңалықтар 2626 0 пікір 23 Қараша, 2010 сағат 11:33

Рүстемнің отбасы баспанасыз қалуы мүмкін

Қарашаның сол қаралы оқиғасынан бері 365 күн қас-қағым сәттей зымырап өте шығыпты. Қалыпты өмірімізде бір жылда ештеңе өзгере қоймауы мүмкін.  Тек марқұм боп кеткен сүйкті нәресте, аяулы бауыр, адал жар, елгезек дос пен қадірлі әріптестің орны ғана үңірейіп тұрады.

Ол арамыздан кеткелі 365 күн болды. Ол  өлмейтіндей көрінетін. Себебі, оның жанарынан әлемге өмірдің өзі қарап тұрғандай болатын. Көңілінде көктем бүрлеп, дидарынан жаздың жайдары бояулары аңқып тұратын. Ол періште боп дүниеге келіп, санасы мен арына кір шалдырмастан Тәңірдің қасына қайтып кетті.

Алаш жұртының талантты перзенті Рүстем Есдәулетовтен айрылғанына бір жыл толып отыр. Содан бері қазақ өнерінің көкжиегі тұманданғандай күй кешті. Өмір мен өлімнің кезекпен сахнаға шығуы... Жаратқанның бұлжымайтын заңы. Жасаған әлі де қазаққа сансыз ақын, қаншама талантты ұл мен қыз сыйлар. Бірақ Рүстемдей кім бола алады? Әр адам - уникум. Әр адам - бір әлем. Рүстемнің өзгеше әлемін сағындық біз. Сондықтан да ұмыта  алмаймыз. Ол мәңгі есімізде.

Рүстем...  елдің ауызында. Бұл дегеніміз Рүстемнің қайталанбас тұлға екенін айғақтайтын дәлел. Артынан жас жұбайы Маржан мен шиеттей бала-шаға, жасы 80-нен асқан кейуана қалды. Былтыр еліміздің түкпір-түкпірінен Рүстемнің достары мен тілеулестері аяулы ақынды арулап жерлеп қайтты. Тірі адам тіршілігін істейді. Ал,  отбасындағы ахуал ше? Білеміз бе біз соны? Артында қалған отбасы нендей күй кешуде?

Былтыр Рүстемнің қазасында дүйім жұрттың алдында Шығыс Қазақстан облысының басшылығы бірсыпыра уәде берген болатын.  Облыс орталығында жаңадан бой көтеруге тиіс театр мен Өскемен қаласының бір көшесіне Рүстемнің атын беру,  отбасын жаңа пәтерге кіргізу сияқты облыс әкімшілігінің ізгі ниеттеріне риза болған едік. Асанәлі Әшімов ақсақалдың әр ұсынысын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мырза мұқият тыңдап алып, ағамызды барлық ұсыныстарының орындалатынына сендіріп бақты. Бір жылда не істелінді? Уәделердің қанша пайызы орындалды деген заңды сұрақ мазалайды көкейімізді?

Осы мазалаған сауалдар бізді еріксіз телефон тұтқасын көтеріп, Рүстемнің анасы Салықбаева Роза Сейітжанқызына хабарласуға итермеледі. Роза апамызбен әңгімеміз өте көңілсіз басталғанын несіне жасырайық... «Рүстемнен айырылып, қапа-мұңның ішінде өмір сүріп жатқан жайымыз бар. Өзі көзі тірісінде көрмей кеткен  пәтерді әйтіп-бүйтіп берді әкімшілік. Қанша жыл пәтерден пәтерге көшіп жүрдік қой. Рүстем 4 әкімнің кезінде талмай жұмыс істеп, театрды көтеріп, ақыры өз үйіне  қолы жетпей бақилық болды. Биыл қаңтар айында облыс әкімі уәдесінде тұрып, бізге жаңа пәтердің кілтін табыстағанда, әйтеуір артында қалған бала-шағасы игілігін көретін болды ғой деп бір қуанғанбыз. Алайда, қуанышымыз алысқа барған жоқ. Жаңа салынған көпқабатты үй толық бітпеген. Су ағатын желілері дұрыс жасалмаған, қабырғалары саудырап түсіп жатыр. Көнбіс қазақпыз ғой, оған да көндік. Ал, енді жақында қала басшылығы бұл пәтерді театрдың балансына беру жөнінде шешім қабылдағанын естігенде төбемізге жай түскендей болды. «Апыр-ау»! - деп жағамызды ұстадық. Яғни Рүстемге арнайы берілген пәтер бала-шағасының үйі емес, театрдың қызметтік пәтері боп шықты. Бұл үйдің қыстан бері біресе суын, енді бірде жарығы мен жылуын қиып кетіп отырды. Коммуналдық қарызымызды төлеп тастайық десек, пәтер біздің атымызда емес. Төлемдерді еш жерде қабылдамайды. Аңырап тұрған суық үйде 4 бүлдіршін бар, менің жасым болса 82-ге шықты. Тыл ардагерімін, 43 жыл өмірімді білім беру саласына арнаған қариямын. Бұл үйдің тізімінде менің атым мүлде жоқ. Енді не істерімізді білмейміз. Ертең мына облыс, қала басшылығы ауысып кетіп, жаңа әкім «бұл театрдың үйі, кәне босатыңыздар!» десе, қайда барамыз?» - дейді   кейуана.

Біз анамызды не деп жұбатарымызды білмедік... Тек атқамінерлердің  немкеттілігіне көңіліміз қарайып, Рүстемнің жылдығын осылай қарсы алып жатқан бала-шағасына жанымыз ашыды.

Басқа ұлттардың өз ардақтыларына, талантты ұлдарына жасаған құрмет пен ілтипатына қарап сүйісініп, қызығып жатамыз. Бізде тек ішкі күйзеліс пен сағыныштың күбірі ғана. Басқаға шамамыз жетпейтіндей тіпті! Әлде бізде немқұрайдылық басым ба? Әйтеуір, осы бір марғау қалпымыздан айырылмай - ақ қойдық. Біз бақилық болған азаматтарымыздың аруағын тебірентетін  кештермен, марқұмның сауабы үшін берілетін аста ғана еске алып, шулап қалуға үйренген халықпыз...

«Сүйер ұлың болса сен сүй...» деп еді   хакім атамыз. Рүстем бір әулеттің емес, Алаштың сүйікті ұлы еді ғой.

«Абай-ақпарат»

0 пікір