Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
5031 0 пікір 4 Тамыз, 2017 сағат 09:55

Ресей Сирияда жаңа "қауіпсіздік аймағы" құрылғанын мәлімдеді

Ресей қорғаныс миинстрлігі Сирия оппозициясымен осы аймақта Хомс қаласынан солтүстікке қарай қауіпсіздік зонасын құруға келіскенін мәлімдеді. Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков қақтығысты тоқтату келісімі бейсенбі, 3 тамыз күні түстен кейін күшіне енетінін айтты.

Оның сөзінше, деэскалация аймағына ондаған елді мекен кіреді, оларда 147 мыңнан астам адам тұрады.

Хомс провинциясының солтүстігіндегі территорияны таяуда Сирия үкіметінің әскері мен Ресей авиациясы атқылаған.

Аталған аудан Ресейдің бастамасымен құрылып жатқан төрт деэскалация аймағының бірі саналады. Коношенковтің сөзіне қарағанда, қалған екі аймақ - Сирияның оңтүстік-батысындағы Дамаск маңында орналасқан және онда қақтығысты тоқтату режимі сақталып тұр.

Ресей, Түркия және Иранның Астанадағы Сирия бейбіт келіссөздер кезінде дайындаған жоспары бойынша, төртінші деэскалация аймағы Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында құрылады. Бірақ бұл аймақта бітім орнатуға аймақ территориясына қатысты Түркиямен келіспеушілік кедергі келтіріп отыр.

Ресей мен Иран Сириядағы азаматтық соғыста президент Башар Асадты қолдайды. Түркия Асадқа қарсы соғысып жатқан оппозициялық көтерілісшілердің бір бөлігін қолдайды.

Анкара бұған дейін Сирияда билікті ауыстыруды талап етіп келген. Сирияда 2011 жылы басталған азаматтық соғыстан жүздеген мың адам құрбан болып, миллиондаған адам босып кетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар