Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 10290 0 пікір 14 Тамыз, 2014 сағат 10:59

ҚАСҚЫРЛАР НЕГЕ ҚЫТАЙЛАРҒА ШАПТЫ?

«Жабайы қасқырлар қытайларға шапты», - деп хабарлады Қытайдың "Халық",  "Шинхуа" қатарлы ақпарат тораптары. Бұл туралы 2014 жылдың 12 тамызда хабарланған.

Хабарға қарағанда, қасқырлар Қытайдың қазақтар көп шоғырланған Алтай аймағына қарасты Көктоғай ауданы, Қарабұлғын ауылы, Қаражол қыстағынанда  егінші қытайларға шапқан. Түнгі ұйқыда жатқанда 5  қытай отбасына шабуыл жасаған қасқырлар   6 адамды жаралаған, оның екеуі ауыр халде Үрімжі, Бейтүн қалаларына жеткізілген. Бір қызығы,  жыртқыштардың жергілікті халыққа тиіспей, қытайларға ғана шабуыл жасайтыны елді қайран қалдыруда.

Соңғы жылдары "Батысты ашу", "Шынжаңды ашу" деген атпен этникалық қытайлардың қаптап кеткені белгілі. Үкімет қазына толы аймақтардың қорыс-қопасын шығарып, жол салып, кен ашуда. Жабайы аңдар мекені тарылып, қасқырлардың да барар жері шектеле бастаған.

Оның үстіне, оңай олжа тауып баюды көздеген қытайлар асыл тас қазып, дәрі шөп теріп топ-топ боп қазақтар қоныс тепкен аймақтарды астаң-кестең етуде. Бұл қоңыр аңдардың азаюына алып келді де, қасқыр сынды жыртқыштардың несібесін азайтты.

Осылайша жайылым тозып қана қоймай, тау-тас, бұта-бүрген де ойрандалуда. Табаны мен қолы тиген жер азып кететін қытайлардың бұл сұмдығы - адамды қойып, аңдардың да қарсылығына ұшырауы табиғи заңдылық. Осылайша атақты Зуха мен Оспан, Ақтеке, Рысхан, Есімхан, Елісхан сынды батырлардың қаны мен тері төгілген қасиетті мекеннің аңдары да тағдырлары үшін  арпалысып жатқан сыңайлы. Қасқырдың қытайға қарсы шабуылының өте үлкен табиғат мінезі екенін хансулар қайдан білсін? Тіптен, Ұйғыр сепаратистерін тазалауға 30 миллион юан ақша бөлген Қытай үкіметі енді қасқырларға қарсы адам шығарып, қаржы бөлгені белгілі болды.

Адамдар мен аңдар арасындағы бұндай соғыс Шығыс Түркістанда 1960-70 жылдары да белең алғаны туралы деректер бар. Бұл туралы Шынжаңның Ақсу түрмесінде болған бір шалдың жазған естелігінде аюдың қытайларды өлтіріп кетіп, тоқтамай қойғаны, тіптен басқа жергілікті ұлттарға тиіспегенін аңыз етіп қалдырған еді... Ғаламтор бетінде қазір белгілі аумақтағы пілдердің табиғатты ойрандаған адамдарға қарсы шабуылға шыққаны туралы видеолар бар.

Алтай Бұқарбай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2047
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2478
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2063
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1598