Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4195 0 пікір 20 Тамыз, 2014 сағат 16:39

Алматыда ресейлік «Газпромнефть» ЖҚС-тарында АИ-95 бензині қымбаттады

Ресейлік "Газпромнефть" компаниясына қарасты жанармай бекеті. Алматы, 20 тамыз 2014 жыл.

Алматы қаласындағы Майлин көшесінде орналасқан, ресейлік «Газпромнефть» компаниясына қарасты жанармай бекетінде АИ-95 маркалы бензиннің бір литрі 153 теңгеден сатылып жатыр.

Ал қала маңындағы Өтеген батыр кентіндегі екі жанармай бекетінің бірінде осы бензиннің бағасы - 163 теңге, ал екіншісінде - 153 теңге. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

Жанармай бекеті қызметкерлері Азаттық тілшісіне маркасы бірдей бензин бағасының бұлайша екі түрлі болуын «жанармай сапасына байланысты» деп түсіндірген. Олардың айтуынша, «құрамында тез және таза жанғыш қоспалары бар бензиннің бағасы - 163 теңге, ал құрамында мұндай қоспалары аз яғни сапасы сәл төмендеу АИ-96-95 маркалы бензин – 153 теңге». Бензиннің бұл түрі осыған дейін 145 теңгеден сатылып келген еді.

Ресейлік «Газпромнефть» компаниясының Алматыдағы офисіне телефон шалған Азаттық тілшісіне өз аты-жөнін атағысы келмеген компания қызметкері: «153 теңгеден сатылатын бензин әдеттегі АИ-95 маркалы бензин талабына ғана жауап береді. Ал 163 теңгелік бензиннің сапасы АИ-98 маркалы бензин сапасымен бірдей» деп жауап берген. Азаттық тілшісі бензин бағасының өзгеруіне байланысты бәсекелестікті қорғау агенттігіне де хабарласыпты. Агенттік қызметкерлері бұл мәселені білетіндіктерін, бірақ «басшылықтағы ауыс-түйіске байланысты әлі ештеңе шеше алмай жатқанын» айтыпты.

Шілде айының соңында Астанада өткен брифингте Қазақстан мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин тамыз айынан бастап жанармай бағасы айтарлықтай қымбаттайды деген ақпаратты жоққа шығарған. Естеріңізге салатын болсақ, соңғы апта ішінде Алматыда АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы байқалған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар