Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 10186 4 пікір 20 Тамыз, 2014 сағат 16:59

Алматы облысының жаңа әкімі – Амандық Батталов

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жұмыс сапары барысында Алматы облысының жаңа әкімін тағайындады. Бұл туралы  Tengrinews.kz жазды.

Баталов Алматы қаласы Калинин ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары, басшысы (1992-1994); Ленин аудандық әкімшілігінің басшысы (1994-1995); Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі (1995-2001); Алматы облысы әкімінің орынбасары (06.2001-04.2008); Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары (2008 жылдан бері) қызметтерін атқарған.

Алматы облысының бұрынғы әкімі Серік Үмбетов Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалғаннан кейін Жамбыл ауданының әкімі қызметін атқарып жүрген Аңсар Мұсаханов бірден облыс әкімі болып кетіп еді. Ал Амандық Батталов болса 13 жылдан бері облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Абай-ақпарат

 

 

4 пікір

Үздік материалдар