Сенбі, 18 Мамыр 2024
Мәйекті 6143 2 пікір 20 Қазан, 2016 сағат 16:31

"ҰРЫ ИТТІҢ АРТЫН СҰР ИТ ЖАЛАЙДЫ": ТРАМП-ХРАПУНОВ ХИКАЯСЫ

Кеше «Financial Times» басылымы АҚШ президенттігінен үміткер Дональд Трамптың  Алматының экс-әкімі, бүгінде Халықаралық іздеуде жүрегн Виктор Храпуновпен  байланысын әшкерелеген материал жариялады. «Abai.kz» порталы аталған мақаланың аудармасын назарларыңызға ұсынады.

«Арам ақша: Трамп және қазақ байланыстары» (Dirty money: Trump and the Kazakh connection) атты мақалада автор Том Бургис (Tom Burgis) миллиардер Дональд Трамптың  қазақстандық кәсіпкер әм экс-әкім Виктор Храпунов отбасымен байланысы болғанын растайтын жазбалар мен  банк құжаттарын дерек ретінде келтірген.

«Қазақстандық бизнесменнің отбасы жүздеген миллион долларға (ұрланған қаражаттар) Манхэттаннан Дональд Трампқа тиесілі зәулім ғимаратты сатып алған және ірі коммерциялық келісімдерге отырып, қаржы магнатының серіктестерінің біріне айналған» (Title deeds, bank records and correspondence show that a Kazakh family accused of laundering hundreds of millions of stolen dollars bought luxury apartments in a Manhattan tower part-owned by Mr Trump and embarked on major business ventures with one of the tycoon’s partners),-деп жазады Financial Times.

Қаржылық алаяқтыққа қарсы күрес департаментінің директоры (АҚШ) Дженнифер Шаски Калвери (Jennifer Shasky Calvery) жемқор шенеуніктер мен трансұлттық қылмыскерлер ұрлаған ақшаларын АҚШ-тың жылжымайтын мүлік нарығы арқылы айналымда ұстап отырғанын айтқан.

Financial Times деректеріне сүйенетін болсақ, қашқындағы экс-әкім Виктор Храпунов дәл осындай жолмен Дональд Трамп компаниясы арқылы Қазақстаннан жымқырып кеткен қаржыны айналымда ұстап отырған. Том Бургистің зерттеуінде, Храпуновтың қаржыландырып отырған компаниялары: «Сохо3310, Сохо3311 және Сохо3203» екендігін жазады.

«Алматылық қорғаушылар Храпуновтың үш компаниясы барын, ол Сохо3310, Сохо3311 және Сохо3203 арқылы қаржысын айналдырып отырғанын айтады. Бұл компаниялардың барлығы Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ретінде тіркелген. Яғни, меншік иесін жасырып қоюға болады», (Among the dozens of companies the Almaty lawyers say the Khrapunov laundering network used were three called Soho 3310, Soho 3311 and Soho 3203. Each was a limited liability company, meaning their ownership could easily be concealed),-деп жазады, Том Бургис.

Сондай-ақ, аталған компаниялардың барлығы дерлік 2013 жылы Нью-Йорк қаласында құрылған екен. Ал компания құрылғаннан тұп-тура бір апта өткенде Храпунов отбасы Манхэттандағы «Трамп Сохо» деп аталатын сарайдың құны ретінде 3,1 миллион теңге төлеген.  (The companies were created in April 2013 in New York. A week later, property records show, they paid a total of $3.1m to buy the apartments that corresponded with their names in the Trump Soho, a 46-storey luxury hotel-condominium completed in 2010 in a chic corner of Manhattan).

Сонымен қатар, Financial Times-тің жазуынша Сохо компаниялары Виктор Храпуновтың қызы Эльвира Кудряшова мен ұлы Ілияс Храпуновтың атына тіркелген. Қашқында жүрген Храпунов осылайша үптеп кеткен қаражатты балалары арқылы айналымға енгізген.

Бастапқыда Трапм бенефициар болмағанымен, дәл осы Дональд Трамптың қарамағындағы «Байрок/Сапир Организайшн» ЖШС Храпуновтардың заңсыз жолмен үй алуына және Трамп компаниясына инвестор болуына көмектескен.

АҚШ президенттігіне басты үміткерлердің бірі Дональд Трамптың құқық қорғаушысы Алан Гартен «Біз олардың кім (Храпунов отбасы) екендерін білмеймін және ешқандай келісім жасасқан жоқпыз»  ,-дейді.

Ал басылым өз кезегінде Д. Трамп қызметкерлерінің Храпуновпен байланысы туралы мынадай дерек келтірген:

Трамптың екі серіктесі В. Храпуновтың компаниясына ауысып кеткен. Даниэль Ридлоф 2010 жылға дейін,  бес жыл Дональ Трамптың «Байрок» компаниясында қызмет істеген. Кейін Трамп қорында қаржыгер болған.  Екіншісі, Феликс Сатер (шыққан тегі орыс) Дональд Трамптың аға кеңесшісі. Осы екі сенімді өкіл  Эльмира Кудряшевамен тығыз байланыста болған.

Осылайша Қазақстаннан қашып, Халықаралық іздеуде жүрген Виктор Храпуновтың АҚШ президентіне үміткер Дональд Трамп компанияларының инвесторы ретінде шалқып өмір сүріп жатқаны мәлім болды. Қазақстанның құзырлы органдары иттей болып  іздеп жүрген Храпунов айда емес, аспанда да емес АҚШ-та жүрген көрінеді. Ал оның үптеп кеткен үлкен сомасынан үлес алып отырған АҚШ президенттігіне басты үміткер - Дональд Трамп болып шықты.

Нұргелді Әбдіғаниұлының аудармасы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2334
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653