Сенбі, 27 Сәуір 2024
3375 2 пікір 7 Қазан, 2019 сағат 10:24

Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қазақ күресі федерациясының жылдық есеп беру конференциясында Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев тізгінді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевқа ұсынатынын хабарлады.

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Qazaq kuresi ұлттық федерациясының президенті болып сайланды.

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қазақ күресі федерациясының жылдық есеп беру конференциясында Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев тізгінді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевқа ұсынатынын хабарлады.

«Бүгін менің Qazaq kuresi федерациясына басшы болып келгеніме 6 жыл толып отыр. Біздің кезекті есеп беру конференциямызда Дәурен Әскербекұлы Абаев Qazaq kuresi Ұлттық федерациясының президенті болып сайланды. Дәурен Абаев ақпарат және қоғамдық даму министрі бола отырып, ал оған дейін Елбасы баспасөз қызметінде жұмыс істей жүріп біздің жобаларымызды іске асыруға көп көмегі тиген», - деді федерацияның бұрынғы басшысы Арман Шураев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Abai.kz

2 пікір