Сейсенбі, 22 Қазан 2019
Билік 1674 8 пікір 1 Қазан, 2019 сағат 11:38

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Мамин мен Дариға Назарбаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Мамин мен Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады.

Премьер-Министр Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері, шетелдік инвестицияларды тарту барысы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру, өңірлерді дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Сондай-ақ, Асқар Мамин Президентке 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасы жайында ақпарат берді. Мемлекет басшысы Премьер-Министрге қазан айының ортасында өтетін экономикалық даму мәселелеріне арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды.

Сенат Төрағасы Президентке Парламенттің жоғары палатасы жұмысының жай-жапсары мен заң шығару қызметінің жоспары туралы айтты. Президент Жолдаудың негізгі бағыттарын сапалы заңнамамен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Abai.kz

8 пікір