Сейсенбі, 22 Қазан 2019
1489 0 пікір 18 Қыркүйек, 2019 сағат 19:51

Ақерке Ахметова ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ахметова Ақерке Естайқызы әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ақерке Естайқызы бұған дейін де бірнеше жауапты қызметтерде істеген. Алдағы аса жауапты қызметінде де жоғары деңгейдегі маман екенін көрсететіні сөзсі. Әрі мемлекеттік маңызды қызметтерде осындай жас қызметкерлердің келгенін жақсы жаңалық ретінде бағалауға болады. Қазақ "жас келсе іске" дейді. Демек, жас кадрлардың көбейуі жаңа бастамаларға жол ашады деп сенуге әбден болады.

Төменде Ақерке Ахметованың өмірбаянын назарларңызға ұсынамыз.

Ақерке Ахметова 1975 жылы Алматы қаласында туған.

Білім жолы:

Шохан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын тәмамдаған.

Одан кейін  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және Көкшетау университетінде білім алған

Бұдан тыс, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқыған.

Ең маңыздысы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Sheffield университетінде оқып, ғаламдық біліммен сусындаған.

Еңбек жолы:

Ал еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Жас болғанына қарамастан әр жылдары түрлі коммерциялық салада жұмыс істеген.

2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеп келеді. Бас маман, халықаралық келісімшарттар жобаларын сараптау бөлімінің басшысы, Департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2015-2017 жылдары аралығында - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры болды

2018 жылғы наурыздан қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттік мүлік құқығын қорғау департаментінің директоры лауазымын атқарған.

Abai.kz

0 пікір