Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019
Жаңалықтар 5324 0 пікір 29 Шілде, 2011 сағат 09:07

Тіл ажалы

Автор туралы қысқаша түсінік. Д.Кристал 1987 жылы «Тілдердің Кембридж энциклопедиясын», 1995 жылы «Ағылшын тілінің Кембридж энциклопедиясын» шығарған. 1997 жылы «Ағылшын тілі - әлемдік тіл» деген еңбегі жарық көрді.

Д.Кристал - жазушы, журналист, лектор, профессор,  Британияның Уэлс аймағының азаматы, оның төл тілі де жойылып бара жатқан тілдер санатына жатады.

Бұл - аталмыш кітаптың «Ана тілі» газетінде (18.11.04) жарияланған нұсқасынан үзінді.

... Әлемде 6000-нан астам тіл болса, солардың 600-не ғана жойылу қаупі төнбейді екен (2700 - негізгі тіл, 4000-ға жуығы - сол тілдердің диалектісі). Кейбір болжамдар бойынша XXI ғасырдың аяғына таман үркердей топ - негізгі тілдер ғана қалып, қалғандары жойылып кетпек.

... Бірде-бір адам сөйлемейтін тіл өлген тіл болып саналады. 1990 жылдардың ортасында Камерун деген елдің Адамавия өлкесінде мынадай оқиға болды. Оны Англияның қатер төнген тілдер қорының мүшесі Брюс Кондель әңгімелеп берді. Оның айтуынша, 1995 жылы қарашаның 5-і күні Момбила ауданында касаба тілінде сөйлейтін ең соңғы Богон есімді азамат дүниеден өткен. Қарашаның 4-і күні касаба тілі тірі болса, қарашаның 5-і күні ол тіл өлді.

Автор туралы қысқаша түсінік. Д.Кристал 1987 жылы «Тілдердің Кембридж энциклопедиясын», 1995 жылы «Ағылшын тілінің Кембридж энциклопедиясын» шығарған. 1997 жылы «Ағылшын тілі - әлемдік тіл» деген еңбегі жарық көрді.

Д.Кристал - жазушы, журналист, лектор, профессор,  Британияның Уэлс аймағының азаматы, оның төл тілі де жойылып бара жатқан тілдер санатына жатады.

Бұл - аталмыш кітаптың «Ана тілі» газетінде (18.11.04) жарияланған нұсқасынан үзінді.

... Әлемде 6000-нан астам тіл болса, солардың 600-не ғана жойылу қаупі төнбейді екен (2700 - негізгі тіл, 4000-ға жуығы - сол тілдердің диалектісі). Кейбір болжамдар бойынша XXI ғасырдың аяғына таман үркердей топ - негізгі тілдер ғана қалып, қалғандары жойылып кетпек.

... Бірде-бір адам сөйлемейтін тіл өлген тіл болып саналады. 1990 жылдардың ортасында Камерун деген елдің Адамавия өлкесінде мынадай оқиға болды. Оны Англияның қатер төнген тілдер қорының мүшесі Брюс Кондель әңгімелеп берді. Оның айтуынша, 1995 жылы қарашаның 5-і күні Момбила ауданында касаба тілінде сөйлейтін ең соңғы Богон есімді азамат дүниеден өткен. Қарашаның 4-і күні касаба тілі тірі болса, қарашаның 5-і күні ол тіл өлді.

Қатер төнген тілдер қорының  Англияның Единбург қаласында өткен II конференциясында (1998 жыл) Оле Стив Андерсен деген лингвист 1992 жылы  қарашаның 8-інде Батыс Кавказдағы обух тілінде сөйлеген ең соңғы адам Тефлик Есенщ дүние салғанда, обух тілі де бірге өлгенін айтады. Тілші обух тілін жазып алуға 2-ақ сағат үлгермей қалыпты. Себебі, ол сол ауылға жеткенде Тефлик екі сағат бұрын дүниеден өтіп кеткен екен. Сонымен сіз өз тіліңіздің ең соңғы өкілі, яғни сөйлеушісі болсаңыз, онда тіліңіз өлді деп есептей беріңіз.

... 1980 жылғы есеп бойынша, тірі тілдердің саны 6000-мен 7000-ның аралығында. 1992 жылы шыққан халықаралық лингвистикалық энциклопедияның мәліметіне сенсек, 6300 тірі тіл бар деп жазылған. «Әлем тілдерінің жартысы өледі» деген тұжырым дұрыс болса, ол - 3000 тілдің ажалы деген сөз.

Тілді ажал аузында деп қай кезде айтуға болады? Сол тілде сөйлейтін жас ұрпақ одан безінген кезде. «Ал оны өлімнен сақтау үшін неше адам ол тілде сөйлеуі керек?» деген сауалға, тіпті 500 адам сөйлесе де, ол тілді ажал аузынан аман алып қалуға болады деп жауап берген болар едім.

«Қай тілде қанша адам сөйлейді?» деген кестеге назар салып көрелік.

Әлемде 100 миллионнан астам сөйлеушісі бар 8 ірі тіл бар. Олар - қытай, испан, ағылшын, бенгал, хинди, португал, орыс, жапон тілдері. Осы 8 тілде 2 миллиард 400 миллион адам сөйлейді. Алайда осы 8 тілдің қатарына 12 тілді қосып, 20 тілді «ірі тіл» деп атаса, сол 20 тілде бүгінде 3 миллиард 200 миллион адам сөйлейді екен. Яғни, жер бетіндегі халықтың жартысынан көбі.

Бүгінде жер бетіндегі «тірі тілдердің» 4 пайызында әлем халықтарының 96 пайызы сөйлейді екен. Сөйлеушілері 10000-нан аспайтын тілдердің саны 6000 болса, оның жартысының 1000-нан аспайтын ғана сөйлеушісі бар. Мәселен, 500 тілдің әрқайсысының небәрі 100 адамнан, 1500 тілдің сөйлеушісі 1000 адамнан аз. Сөйлеушісі 10000-ға жетпейтін тілдер - 3340 екен.

20000 сөйлеушісі ғана қалған тілдерді қатер төнген тілдер деп атасақ, дәл қазір әлемнің 4000 тіліне тікелей қара бұлт үйіріліп тұр. Соның ішіндегі 51 тілде тек бір-бір адам ғана сөйлейді.

Оның 28-і - Австралияда, 8-і - Америкада, 3-еуі - Оңтүстік Америкада,    3-еуі - Африкада, 6-уы - Азияда, 3-еуі Тынық мұхит аралдарында екен.

Лингвист Майкл Краустың пікірінше, адамзат тілінің 90%-ы өледі. Әлемде 600 тіл қалады. Ал осы ғасырда тілдердің 50%-ы ғана қалмақ. 3000 тіл өмір сүруін жалғастырады. Оның айтуынша, 100 жылда 1200 ай болса, әр айда 2 тіл өледі екен. Краус: «Солтүстік Америкада 187 жергілікті тіл бар. Сол 187 тілдің бәріне қазір ағылшын тілі қауіп төндіруде. Яғни олар жойылғалы тұр» дейді.

Жойылу қаупі төнген тілдерді Краус 5 санатқа бөледі. Біріншісі, қауіп төне бастаған тілдер. Олар әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қажетсіз деп табылған, үлкен тілдердің қыспағына түскен тілдер. Басты белгісі - алдымен бұл тілдерде сөйлейтін жастар азая бастайды.

Екіншісі, қауіп-қатер төнген тілдер. Бұл халықтың жас ұрпағы өз тілінде сөйлегісі келмесе, онда оған қатер төнді деп есептей беріңіз.

Үшіншісі, қатер тым төнген тілдер. Бұл тілде жақсы сөйлейтіндер - жасы елуден асқандар.

Төртіншісі, өле бастаған тілдер. Бұл тілде тек қартайған адамдар сөйлейді.

Бесіншісі, жойылған тілдер. Бұл сол тілде сөйлейтін бірде-бір адам қалмаған тіл.

...Әлемдегі 5 мың тірі тілдің ай сайын 2-еуі өледі.

Қауіп қайдан деме...

Ойлаудың өзі қорқынышты

Әлемдегі тілдердің даму процесін қадағалап отыратын Халықаралық тілдер институты үстіміздегі ғасырда дүние жүзіндегі тілдердің 90 проценті бақилық болады деп болжам жасапты. Деректерінде дүние жүзі бойынша бүгінде 6 мың тілдің тағдыры қалт-құлт етіп тұрса, жыл сайын 10 тілдің өлі тілге айналуы дәстүрге ұласыпты.

Жағрафиялық жағдайына байланысты жіктеп айтатын болсақ, Еуропаның өзінде 123 тілдің 9-ына құрып кету қаупі төнсе, 26-сы шалажансар, 38-і мешел күйде болса, Оңтүстік Азияда 700 тілдің 40-ы ғана аман-сау қалу мүмкіндігіне ие. Ал Солтүстік Шығыс Азияда 47 тілдің тек 6-ы орыс тілінің қыспағына төтеп берер халде болса, 20-сы жаназасын күтіп отыр. Қалған 21-і айықпас дерт үстінде. Ал Орта Азияның, оның ішінде өз ана тіліміздің хал-жағдайының мәз еместігі өзімізге аян.

Мұндай кеселдің, негізінен, отарлау саясатының салдарынан туындайтындығы белгілі. Тарих бетін парақтасақ, XVIII ғасырдан бері Австралия құрлығында 250 тілдің 20-сы ғана қалған. XVI ғасырда Бразилияны Португалия жаулап алғалы 540 тіл жойылып кеткен...

Ағылшын тілі компьютерлік, электрондық байланыс жүйесі дамыған уақытында әлемге кең қанат жайып, алыс-беріс, қарым-қатынас ұлғайған заманда еңсесін көтермек болған тілдерге қиындық туғызуда. Тіпті Интернет жүйесінде қолданылмайтын тілдерді өлі тілдер қатарына қосып та қойған.

Сонымен бірге тіл саясатын мәжбүрліктен немесе қабілетсіздіктен дұрыс жүргізе алмау салдарынан бірнеше тілдер өзара бәсеке кезінде өзге бір тілдің жергілікті тілдерге үстемдік жасауы  екінші немесе үшінші тілдердің жойылып кетуіне себепкер болады. Мысалы, 1600 туыс тілдер өкілдері тұрған Үндістанда мемлекеттік тіл хинди мен ағылшын тілдері. Егер кезінде Үндістандағы туыс тілдер өзара талас-тартысқа түспей, араб елдері секілді бірігіп, тіл саясатын дұрыс қолға алған болса, бүгінгідей ағылшын тіліне үстемдік болмас еді. Ағылшын тілінің есіктен ұрлана кіріп, төрден орын алуына кіші-гшірім тілдер ғана емес, таралымы жағынан тынысы кең тілдердің өзі алаңдаушылық танытуда. Францияның өзі араб елдері секілді француз тілінде сөйлейтін 50-дей елді біріктіріп, осы тілде сөйлеушілердің санын 500 миллионға жеткізгенімен әлемдегі деңгейін әрең-әрең ұстап отыр.

«Бөлініп, бөріге жем болмайық» деген ниетпен 1992 жылы түркі тілдес елдердің түркі тілдерін қорғау ассамблеясы өтті. Бұл басқосу жалпы түрік елдерінің мүддесін қорғағанымен, жекелеген тілдердің мүддесін қорғай алмайды. Осыған орай дүйім түркі халқына ортақ тіл ойлап шығарайық деген ұсыныстар да болыпты. Әрине, бұл - жүзеге аспайтын ұсыныс. Демек, өз тілімізді аман-есен алып қалу өзіміздің ғана қолымызда.

Қазақта «Көш жүре түзеледі» деген сөз бар. Егер біз отаршыл тілдер үстемдігіне төтеп беріп, интернет жүйесіне тілімізді қосып, заман ағымына, заман көшіне қосыла алсақ, көшпен бірге жүріп, бәлкім, түзеліп те кетер едік. Әзірге асықпаған арбамен қоян қуып жететін заман емес екендігін ескеріп, тіл саясатын нақты қолға алып, жүрісімізді жылдамдатпасақ, әліптің арты неге айналатындығын ойлаудың өзі қорқынышты.

 

(«ЮНЕСКО жаршысы» журналынан).

Дайындаған Сергек Ерсайын

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір