Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4656 1 пікір 10 Қыркүйек, 2019 сағат 12:15

Ойынды кім ойнатып отыр?

Ермұрат Бапи ОСДП басшылығынан кетті. Менің ойымша бұл ойынның ішінде тағы ойын болуы да әбден мүмкін. Көп шулаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бақылап отырған адамға келесі жүрістерінен уақыт өте келе көрінеді өзі.

1. Парижге барғанда біреулермен келіссөз жүргіздің деп басшыны шығарып, орнына сол Парижге барған екінші адамды басшылыққа қойғаны қызық көрінеді.

2. Халық арасында танымал емес жас жігіт партия басшылығына келді. Күмәнді. Неге әлсіз кандидат таңдалды? Әлде транзиттік кандидат па?..

3. Менің ойымша бұл елдің эмоциясында ойнап халықты өзіне тарту үшін бір адамды жертва жасаған саяси ойын болуы да мүмкін. Әділетсіз кетірді дегізіп Бапидан қаhарман жасау жолы болса да таң қалмаймын. Егер солай болса осы жерден "Ойынды кім ойнатып отыр?" деген екінші сұрақ туындайды. Билік жасап отырса демек саяси аренада жаңа партия құрылуы екіталай. Ол деген сөз улатып-шулатып, ребрендинг жасап, сайлауға басты оппозиция ретінде ОСДП-ны жаңа форматта шығару үшін жасалып жатқан әрекет те болуы мүмкін. Сайлау өтуі үшін билікке де оппозиция керек қой енді... Сәл күтейік. Қызық болғалы тұр. Интуициям осы жерде бірдеңе таза емес дегенді меңзейді

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір