Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 20658 68 пікір 9 Қыркүйек, 2019 сағат 15:06

Қабатовтарға қашан тиым салынады?

31.08.2019 жыл, кешкі сағат 21.20 - «Қазақстан» телеарнасында әйгілі Қабатов, аузы-басын қисаңдатып, түкірігі шашырап, аузына не келсе соны айтып, залға сыймай отырған қайран қазақты арзан күлкігі мәз етіп жатыр екен.

Шынымды айтсам, осы Қабатовты көрсем, жүрегім айнып, құсқым келеді.  Телеарна басшылығы, билік неге мына сайқымазаққа  есіктерін ашып қойған? Ана «мәңгілік құдайлары»: қазақтың мазақ ете беріңдер, олар күліп отырғанда біз оларды жерімен қоса аналарға басы байлы беріп боламыз...» деп тапсырма беріп қойған сияқты ма, қалай?..

Басқасын қайдам, биыл да елдегі жалғыз ұлттық арнаға КВН-шиктердің, қабатовшылардың, солар деңгейлес журналистсымақтардың, намыстан жұрдай мақтаншақтардың топ-тобымен шығатынын естіп, көріп отырып, сөз таба алмай жерге қарай беремін...

Қайран қазағым-ай, қайран «қалың елім, қазағым қайран жұртым-ай!»(Абай)неге соншалықты арзан күлкіге мәз болдың екен. Ана  елдің Ақпарат министрлігі қайда қарап отыр?

Иә, мұндайға қашан тыйым салынады?..

Жұмаш Кенебай

Abai.kz

68 пікір