Сенбі, 27 Сәуір 2024
8390 1 пікір 30 Тамыз, 2019 сағат 01:31

Қызылордада қоқыс сұрыптайтын полигон іске қосылмақ

Қызылорда қаласында аумағы 20 гектарды құрайтын, жылына 60 мың тонна қатты қалдықты сұрыптайтын жаңа полигон пайдалануға берілмек, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жұлдызай Айтжанова мәлімдеді. Оның сөзінше, аталмыш нысанның құрылыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда Сыр өңірінде тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу ісі бір жолға қойылған. Қызылорда облысы қалдықтарды кәдеге жарату жұмысында 3 бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде. Аймақта тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеудің үлесі өткен жылдармен салыстырғанда жоғары.

– Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үлесі 7,58%. Өткен жылы көрсеткіш 3,19%-ы құраған. Қалдықтарды жинау және тасылмадау қызметінде де өзгеріс бар. 6 айдың қорытындысына сәйкес, өңір тұрғындарының 60,87%-ы тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген. Қалдықтарды сұрыптау арқылы оны полигонға жеткізу маңызды. Бүгінде экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының үлесін 3,45% жеткізу жоспарланып отыр, - дейді жауапты басқарма өкілі.

Бүгінгі таңда облыс көлемінде 54036 мың тонна қатты қалдықтар жиналып, оның 3248 тоннасы қайта өңделген.

Abai.kz

1 пікір