Сейсенбі, 22 Қазан 2019
636 0 пікір 1 Шілде, 2019 сағат 09:25

Мемлекет көпбалалы отбасылардың несиесіне жеңілдік жасайды

Елімізде тәуелсіздік алған кезеңнен бері ана мен бала мәселесі назардан тыс қалған емес. Оған дәлел Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауларында көрсетілген тармақтарға сәйкес, жыл сайын ана мен балаға төленетін жәрдемақы көлемі ұлғайып келеді. Ал, өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы аналардың және мүмкіндігі шектеулі жандардың несиесін кешіру туралы тапсырма берді.

Президент өз кезегінде жағдайы ауыр, күнкөріс деңгейі төмен отбасылардың несиелерін кешіріп, жеңілдік жасау керектігін баса айтты. Және ол үшін нақты тапсырмалар да берді.

Аталған Жарлық Ақорда сайтында жарияланған болатын.

Онда, үкімет бір жолғы тәртіппен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілзатсыз тұтыншылық қарыздар негізінде берешекті талаптарды өтеу жөнінде нақты шаралар қабылдау қажеттігі баса айтылды. Ол талаптарға сәйкес:

Біріншіден көп балалы аналар мен асыраушысынан айырылған жағдайда төлем алатын жанұялар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар жатады.

Сонымен қатар, бала жасынан мүгедек болған бірақ, кәмелеттік жастан асқан балалар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, әке-шеше қамқорлығынсыз қалған балалар аталған талаптарға сәйкес борышкер болып табылады.

Екіншіден, бұл жеңілдік ие болатын азаматтардың биылғы жылдың 1-маусымындағы жағдай бойынша, жалпы берешек қарызы үш миллион    (3 000 000) теңгеден аспауы керек.

Үшіншіден, осы жылдың  1-маусымындағы жағдайға сәйкес, негізгі борыш пен сол борыш бойынша есептелген сыйақыдан тұратын, төленетін берешек ақшаның мөлшері бір несие алушыға үш жүз мың теңгеден (300 000) аспайды. Бұл қаулыда көрсетілген міндеттер. Президент Қ.Тоқаев осы негізде Ұлттық Банк пен Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Тапсырмаға сәйкес, 2019 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша, микроқаржы ұйымдары мен банктерде кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар Қазақстан азаматтарына есептелген өсімдер мен айыппұлдарды есептен шығару жөніндегі шаралар қабылдануын қадағалауды тапсырды.

Одан бөлек, Президент Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен басқа облыстардың басшыларымен бірлесе отырып, аталған Жарлықты іске асыру жөніндегі басқа жұмыстарды атқару шаралары қабылдануын тапсырды.

Сонымен қатар, Президент Ұлттық банктің қаржы ұйымдарындағы жауапкершілігін күшейту жөніндегі бірқатар реттеушілік сипаттағы шараларды қабылау туралы да тапсырма берді.

Және, 90 күннен астам уақыт мерзімі өткен берешегі бар жеке азаматтардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша несие беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссияларды және өзге де төлемдерді есептеуге тиым салынады.

Одан бөлек, Президент Жарлығына сәйкес,енді  табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тиым салынады. Сонымен қатар, кепілсіз тұтынушылық заемдарды беру кезіндегі қосымша реттеу шаралары қарастырылады. Аталған Жарлықтың орындалуын Президент Әкімшілігі қадағалайды. Ал, Жарлық Президент қол қойған күннен бастап қолданысқа енбек.

Abai.kz

0 пікір